ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«ЗИКСТО» ЗАУЫТЫ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНА 95 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРЫЗ

20:41, 15 мамыр 2019

«Зиксто» машина жасау зауытының қызметкерлері 2 айдан бері еңбекақыларын ала алмай жүр. Кәсіпорын белшесінен қарызға батқан. Зауытқа жақында келген жаңа басшы жұмысшылармен кездесіп, туындаған мәселені мамырдың 31-не дейін шешуге уәде етті.

«Зиксто» АҚ - шаһардағы көне зауыттардың бірі. Кәсіпорынның шығаратын өнімі нарықта осы күнге дейін сұраныста болып, мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып келді. Алайда, зауыт қазір қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Қордаланған қарыз үшін кәсіпорын 1 айға жуық электр қуатынан ажыратылған. Жұмыс тоқтап тұрғандықтан заңнамаға сәйкес енді барлық жұмысшыларға орташа жалақының 50 % көлемінде өтемақы берілетін болды.

РИНАТ ШАМСУТДИНОВ, «ЗИКСТО»  АҚ ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Қазіргі таңда зауытта келесі жағдай орын алып отыр. Ресей мемлекетінен сатып алынатын құрамдас бөлшектердің 2,5 есеге қымбаттауына байланысты бұрын жасаған келісім шарттармен жұмыс істеу тиімсіз болды. Қазір бұл мәселе жоғары жақта қаралып жатыр. Осы мәселе өз шешімін тапқан соң кәсіпорын қайта іске қосылады. 2 ай бойынша еңбекақы  қарызымыз 95 миллион теңгеге жуық. Ал, электрэнергиясы үшін 40 миллионға жуық берешегіміз бар.

Бұл мәселе мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының да бақылауында болады.

ҚАЙРАТ ПІШЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Міне бүгін осы зауытқа келіп, бас директорымен кездесіп, жұмысшылармен кездесіп, қай уақытта төленетінің, қандай шаралар қабылданып жатқанын талқыладық. Арыздар бойынша көп дегенде 10-15 күнде тексеріп бітіруіміз керек. Әкімшілік жауапкершілікке тартылады неге десеңіз заңңамаға сйәкес мұнда жалақы уақытылы төленбеген.

 Александр Кампут 37 жылдан бері зауытта жүргізуші болып жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында мұндай жағдай бірінші рет орын алып отыр дейді.

АЛЕКСАНДР КАМПУТ, «ЗИКСТО» АҚ  ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

- Үш айдан бері жұмыс тоқтап тұр, мен және әріптестерім өздеріне тиісті жалақыны ала алмай жүр. Таныстарымның көбі жұмыстан кетіп, немесе басқа кәсіпорындарға ауысып жатыр. Осы мәселе жақын уақытта өз шешімін табады ғой деп үміттенемін.

Зауыт басшысы жұмысшылармен кездесіп, мәселенің ай соңына дейін шешілетінін айтты.

Сондай-ақ,бұл сұрақ бүгінгі әкімдік отырысында да көтеріліп, өңір басшысы мәселені өз бақылауына алатынын айтты.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар