ШҰҒЫЛ! ҚР МЕМЛЕКЕТТIК АКАДЕМИЯЛЫҚ БИ ТЕАТРЫ ПЕТРОПАВЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ Толығырақ

10 КӨШЕДЕ ЖАЯУ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

20:41, 11 шілде 2018

Петропавлдың кей көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған жол жоқ. Сондықтан қала тұрғындары өмірін қатерге тігіп, көліктерге арналған күре жолдармен жүруге мәжбүр. Әсіресе жауын-шашынды күндері көптеген келеңсіздіктер туындап жатады. 

Биыл қаламыздың 10 көшесінде жаяу жүргіншілер жолын салуға облыстық бюджеттен 30 млн теңге бөлінді. Атап айтатын болсақ,  Жамбыл Жабаев, Интернационал, Мүсірепов, Горький, Хименко, Жеңіс, Рыжов, Я.Гашек, Егемен Қазақстан  және  К.Сүтішев көшелерінде. Жол жөндеу жұмыстарын жаздың соңына дейін  аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ Ж.Жабаев, Интернационал, Мүсірепов, Горький көшелеріндегі темір бетонды жиектас гранитке ауыстырылады. Мамандардың айтуынша, олар аязға төзімді және қалаға эстетикалық көрініс береді.

АЯН ҚАСЫМОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Өндіріс барысында жол жиектері контур бойымен кесіліп, дөңгелектенеді. Қисық немесе өткір бұрыштар болмайды. М.Жұмабаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының  құрылысына қаражат бөлінбеген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бұл мәселе бойынша  бюджеттен ақша бөлу туралы өтініш жасайды. Чкалов көшесінегі қара жолға қиыршықтас төселді.

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ ОЙЫНЫ
17:51, 20 қыркүйек 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕБАТ ОЙЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІК БОКСШЫЛАР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
22:15, 17 қыркүйек 2018
ҮЗДІК БОКСШЫЛАР ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
Толығырақ...