ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ А. АЙМАҒАМБЕТОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

1032 ТҮЛЕК СҚМУ ТАҢДАДЫ

17:54, 2 тамыз 2019

Өңіріміздегі жалғыз ЖОО 1032 түлек тегін оқуға түсті. Мектеп бітіруші түлектер маусым айының 23-і мен 30-ы күндері конкурсқа қатысқан болатын. Тамыздың 1-і күні ел бойынша білім беру гранттарының тізімі жарияланды.  Өткен жылға қарағанда грант иегерлерінің тізімі екі күн ерте анықталыпты.

Биыл өңіріміздегі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 195 түлек  серпін бағдарламасы бойынша,  345-і педагогикалық квота,ал қалған  492-сі жалпы конкурс гранттарын жеңіп алған. Білім беру грантына  өңіріміздің 990 түлегі университет қабырғасында өтініш беріпті. Сондай-ақ республика бойынша білім және ғылым министрлігі білім гранттарына ие бола алмай қалған мектеп бітірушілер үшін  қосымша 3000 грант бөлген.  Оның иегерлері алдағы күндері белгілі болмақ.

АЛМАС КЕНЖЕҒАЛИН, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Педагогикалық квота деген ол республикалық жалпы конкурс шеңберінде бөлінген гранттардан жеке педагогикалық мамандықтарға бөлінеді. Жергілікті жерлердегі кадр тапшылығына байланысты есептеледі.Қай ЖОО рейтингісі жоғары болса, сол университетке беріледі. Оның ешқандай артықшылығы жоқ. Жалпы конкурс аясында бөлінген. Тек олар 3 жыл мемлекетке жұмыс істеп беруі керек.

Ал көпбалалы және толық емес отбасыдан шыққан түлектер үшін тағыда  5-і мен 10-ыншы тамыз аралығында  конкурс ұйымдастырылмақ. Олар үшінде республикадан 5000 қосымша грант бөлінеді.Ал біздің облысқа 60 грант берілсе, қосымша Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қаласы да өз білім беру гранттарын М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бермек екен..  Жалпы тегін білім алатын талапкерлер  25-інші тамызға дейін құжаттарын толықтай тапсыруы керек. 

АЛМАС КЕНЖЕҒАЛИН, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ  ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Түлектер арасында жаңадан ашылған техникалық мамандықтарға сұраныс өте жоғары . Дәстүрлі педагогикалық, медициналық мамандықтарға конкурс өте жоғары болды. Мысалы біздің оқу орнымызда ең көп грант шет тілі, және екі шет тілі мамандықтарына бөлінді. Және мектепке дейінгі тәрбиелеу сияқты мамандықтарға грант өте көп бөлініп жатыр.

Облыс орталығында орналасқан   ЖОО бүгінгі күні ақылы бөлімге 444 мектеп бітіруші құжаттарын тапсырыпты. Олардың жартысы экономика және  заң факультеттерін таңдаған.Және биыл медицина мамандығына өткен жылмен салыстырғанда 10 грант көп бөлінген. Ал орта білім, колледжден кейін ЖОО түскісі келетін  студенттерге СҚМУ-ДЕ  30 білім беру гранты қарастырылған.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...