ШҰҒЫЛ! ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА ҚОРЛАРЫ ТАУСЫЛЫП ЖАТЫР Толығырақ

«109» НӨМІРІНЕ 1526 ХАБАРЛАМА ТҮСТІ

20:42, 15 қаңтар 2020

Өткен жылдың 26 желтоқсанынан бері «IKOMEK» ахуал орталығының 109 нөміріне 1526 хабарлама түскен. Мұнда жұмыс істейтін 10 маман күніне 1,5-2 мың өтініш пен шағым қабылдайды. Сонымен қатар, жақында ұялы байланыс пен ватсап желісі арқылы да өтініштер қабылданады.

МАЙГҮЛ СЕЙІЛБЕК, ТІЛШІ:

- «IKOMEK» ахуал орталығы өзінің жұмысын 2019 жылдың 26 желтоқсанынан бастаған. 109 бірыңғай нөміріне Петропавл қаласының тұрғындарынан түрлі мәселелерге қатысты қоңыраулар келіп түседі. Соның ішінде ең маңыздыларының бірі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына қатысты. Сонымен қатар, сіздің үйіңіздің жанында орналасқан балабақша, мектеп немесе дәріхананың мекен-жайын білу үшін келіп түсетін хабарламалар. ..... Алло... Сәлеметсізбе?! Менің есімім Майгүл. Сіз ахуал орталығына хабарласып тұрсыз.

24 сағат бойы қала тұрғындары мен меймандарының игілігіне тынымсыз жұмыс істейтін 5 оператор  бір күнде шамамен  110 қоңырауға жауап беріп үлгереді. Мәселен, орталық ашылғалы бері тек 250 хабарлама облыс орталығының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына қатысты болған. Оның жартысы бойынша мәселе шешілсе, қалғаны жақын уақытта өз шешімін таппақ.

- Пожалуйста скажите мне ваше имя адрес и телефон..... Теперь по какокй заявке вы обращаетесь?

Сонымен қатар, мұнда белгілі бір мекенжай бойынша көпқабатты үйлер мен аулаларда жөндеу жұмыстары қашан жүргізілді, қаншасы жоспарға енгізілген, бұл жұмыс қашан басталады, қай мердігер компания жауапты, қандай  нысандар жаңартуды талап ететіні сынды сұрақтарға  толық ақпарат енгізілген. Тұрғындар «109» нөміріне хабарласып, өз үйінің мәселесін айтып, жоспарға енгізе алады.

АЗАТ БАҒАНӘЛІМОВ, «IKOMEK» АХУАЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Орталық ашылғалы бері бізге 1526 қоңырау шалынды.Соның 961-і консультативтік тұрғыдан. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты келіп түскен 250 хабарламаның 247-і өз шешімін тапса, қалған үшеуі әлі жұмыс үстінде. Көбіне кешке қарай қала тұрғындары хабарласып үйлерінің маңында орналасқан дәріханалардың мекен-жайы мен олардың жұмыс уақытын сұрап қоңырау шалады.

«IKOMEK» тұрғындарға жедел қызметтердің барлығын, мемелекеттік органдармен байланыса отыра қызмет көрсетеді. Мұндай орталық елімізде 4 өңірде бар. Жақында барлық қалада және аудан орталықтарында ашылмақ.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...