ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

128 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР САТЫП АЛЫНДЫ

20:38, 21 қазан 2019

Биыл 128 млн 200 мың теңгеге жаңа автобустар сатып алынды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 4 көлікті ауыстыру жоспарланған. Бүгін осы және қаланың басқа да өзекті мәселелері қалалық қоғамдық кеңес мүшелері отырысында талқыланды. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Қоғамдық кеңес мүшелері отырысында көтерілген бірінші сұрақ, автобус парктерінің жаңартылуы. Бүгінгі таңда, облыс орталығында  300-ден аса техника жолаушы тасымалымен айналысады.  Биыл, №9, 20,16, бағыттардағы 9 автобус  ауыстырылды. 

БАХЫТ ІЛИЯСОВ, ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А.:

Жыл соңына дейін, №25 бағытының 4 автобусын ауыстыру жоспарланып отыр. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Петропавл қаласында қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту жөніндегі жол картасы бойынша 75 автобус  ауыстырылады. Жалпы,  2021 жылға дейін қаладағы қоғамдық көліктер 25 пайызға жаңарады.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің автобустардың жай-күйіне көңілдері толмайды. Көпшілігі лас, кейде тұрғындарға отыратын орын да болмай жатады дейді олар.

- Вы зайдите на 14 это ужас, в зале наверно 3 или 4 кресло стоят, а остальное все убрали, люди толпятся, друг на друга валятся, это нормальное вообще явление ? грязь и вонь ничего хорошего нет.

БАХЫТ ІЛИЯСОВ, ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Сіз айтып отырған көліктер «Авроратранссервис»  тасымалдаушы кәсіпорнына қарайды. Бұл кәсіп иесін, бір жыл бойы бақылап, әр бағыт бойынша анықталған олқылықтарға байланысты екі мәрте ескерту жібердік. Енді ескерту алса, олармен келісім шарт бұзылады. Салдарынан осы бағытта жүретін автобустардан айырыламыз. Сәйкесінше, қала тұрғындары наразылықтарын тудырулары мүмкін.

Сондай-ақ электрондық билет мәселесі де көтерілді. Ол іске қосылған бетте, жолаушылар легін, жүргізушіге түскен жолақы мөлшерін есептеуге болады дейді мамандар. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының мәліметінше, электрондық билет жүйесін қосу жұмыстары бойынша әлі  келіссөздер жүріп жатыр. Осыған сәйкес, аталмыш мәселе бойынша келесі қоғамдық отырыс 2020 жылдың сәуір айында өтеді деп бекітілді. Жиын барысында, сондай-ақ, ескі және апаттық жағдайдағы үйлер мәселесі де көтерілді.

ЕРЛАН ҚАЙЫРБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Биыл көп пәтерлі 36 үйдің жағдайын бақылауға  3,2 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда оның 24 тексерістен өтті.  Жалпы, 2017 жылдан бастап 8 үй апаттық жағдайда деп танылып, бұзылған. Олар:  Ы. Алтынсарин, Сүтішев, Урал, Первомай  көшелеріндегі екі қабатты үйлер.

Қала бойынша   апаттық жағдайдағы көп пәтерлі  16 және ескірген 134 үй бар. Бұл тек екі қабатты көп пәтерлі үйлер бойынша мәлімет. Облыстық қоғамдық кеңесте облыс орталығына қатысты басқа да  мәселелер көтеріліп, талқыланды.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...