ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

14 ШІЛДЕ – БАЛЫҚШЫЛАР КҮНІ

17:03, 11 шілде 2019

Жыл сайын Қазақстанда шілде айының екінші жексенбісінде балықшылар күні аталып өтеді. Біреулер үшін балық аулау – ермек  болса, енді біреулері үшін кәсіп.  Өңірімізде 320-дан аса көл жалға берілген. Біздің арнаның түсірілім тобы су қоймасында болып,  кәсіби түрде балық аулаудың үрдісін тамашалап қайтты.

- Это было поставлено недавно, ловушка наша. Налим у нас попался, один из видов, который водится здесь.

Вячеслав Смирновтың балық аулаумен кәсіби түрде айналысқанына 20 жыл.   Мына су қоймасын жалға алған уақытта мұнда балықтың небәрі 3 түрі мекен еткен, енді міне олардың саны 15 ке дейін артқан. Тұқы, шортан, алабұға, мөңке сынды балықтары бар. 200 га-аумақты алып жатқан көлден жылына 18 тонна балық ауланады.

ВЯЧЕСЛАВ СМИРНОВ, БАЛЫҚШЫ:

- Мен 2002 жылы су қоймасын жалға алып, балықтың түр-түрін өсіре бастадым. Алғашында екі шыны ыдыста өсіруді бастадым, енді міне өндірістік цех ашып отырмын.. Шортан, тұқы, қарабалық сынды балықтардың шабақтарын өзім өсіріп шығарамын. 

Желдің қатты соғуына байланысты, қайықпен көлге шығып, қармаққа түскен балықты ала алмайтын жағдайлар жиі болып тұрады. Мұндайда, көлдің жағасына ау орнатылады екен. Алайда, дүкендердердегі сөрелер өнімге үнеме толы.

- Улов сегодня неплохой, бывает вообще по нолям карпа, тяжело он ловится, капризный. Линь был на икромете. Килограмм 70-80 мы должны поймать к среде.

Вячеслав Борисович табиғатты жанындай жақсы көреді. Сондықтан, қолы бос болған уақытта өңіріміздің тамаша табиғатын қағаз бетіне түсіріп, сурет салумен де айналысады.  Облыста 2мыңнан аса су қоймасы бар. 491 көл балық аулауға қолайлы деген тізімге енген. Оның 322-сі жалға беріледі.

МИХАИЛ НИКИТИН, СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ЖӘНЕ БАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А. :

- Конкурсқа қатысу немесе қайта бекіту кезінде пайдаланушы балық шаруашылығын дамыту жайынад жоспар құрады. Жыл сайын су қоймаларын балықтандыру, сондай-ақ су қоймаларын қорғауға, материалдық-техникалық базаны жарақтандыруға белгілі бір қаржылық салымдар қарастырылған. Талаптарды орындамаған жағдайда, біз бір жақты тәртіппен келісімді бұза аламыз.

Өткен жылы өз еркімен су қоймасынан бас тартқан бір жағдай тіркелсе, биыл жыл басынан 7 жалға алушымен келісім шарт бұзылған.  

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...