ШҰҒЫЛ! ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ШАРТ Толығырақ

САЛЫМШЫЛАРҒА «СҮЙІНШІ» БЕРІЛДІ

18:01, 15 қараша 2019

Теңгенің төл мерекесіне орай Тұрғын үй құрылыс жинақбанкінің облыстық филиалында  ашық есік күні өткізіліп, жинақтау жүйесі арқылы жуырда баспаналы болған салымшыларға «Сүйінші» монетасы табысталды. Толығырақ тілші бейнематериалда.

Қажымұрат Осипов  мемлекеттік «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2 проценттік ипотекалық несие рәсімдеп, жуырда  баспаналы болса,  Балғын Жұманова  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жинақтау жүйесі арқылы пәтер сатып алған. Қаржы институтының директоры Алмас Жапабаев қоныстой иелеріне банк атынан сыйлықтар мен «Сүйінші» монетасын табыстады.

БАЛҒЫН ЖҰМАНОВА, САЛЫМШЫ:

Ұлттық валюта күніне орай банк басшылығы клиенттерге кеңес беріп, сұрақтарына жауап берді.  Келушілерге мемлекеттік бағдарламалардың шарттары,  жоспарланып жатқан нысандар, мемлекеттік сыйақы мен салымшыларға ұсынылатын жеңілдіктер айтылды.

АЛМАС ЖАПАБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ   СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Тұрғын үй құрылыс жинақбанкі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламарының негізгі операторы. Бүгінге дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, 1,176 млрд теңгенің 128 несиесі берілді. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы брйынша қаланың үш шағын ауданында 229 пәтер берілді. Келесы жылы тағы 462 пәтері бар 4 үйге конкурс өтеді.

Қала тұрғыны Асқар Баймұқанов баспаналы болуды армандайды. Ашық есік күні туралы әлеуметтік желілерден білген ол жинақтау жүйесі жайында толығырақ мағлұмат алу мақсатында банкке келді.

АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Банк жайында бұған дейін көп естігенмін. Алайда нақты қалай жұмыс істейтінін білген жоқпын. Сондықтан сұрақтарымды арқалап, бүгін әдейі келдім. Бір қауантарлығы  консультацияны филиал директорының өзі берді. Шарттары оңай әрі тиімді екен. Салымшы болуды ұйғардым.

Асқардың жолы болды деуге болады. Ол бүгін банкте депозит ашып,  филиалдың 44 мыңыншы салымшысы атанды. Мерекеге орай оған да сыйлықтар  тарту етілді.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ШІЛДЕ АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ
17:28, 1 шілде 2020
ШІЛДЕ АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
20:33, 26 маусым 2020
АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...