ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

1,5 МЛН-ҒА ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

20:37, 14 тамыз 2019

Облыстық маслихатта ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша ішкі бақылау қорытындылары мен «Қазпошта»  АҚ қызмет сапасы сөз болды.

Ведоствоаралық жұмыс тобының отырысында қатысушыларға «Қазпошта» АҚ ұсынып отырған жаңа қызметтерді енгізу туралы сөз болды. Енді конвертті басқа қалаға немесе басқа елге жіберу үшін Post.kz сайтында тіркеуден өтіп, қызмет берушімен шарт жасасу жеткілікті. Осылайша, бұл жаңашылдық пошта бөлімдеріндерінде болатын ұзын сонар кезектен құтылуға сеп болмақ.    

ЖАННА ОМАРОВА, «ҚАЗПОШТА» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мысалы,бұрын хат Алматыға 8 күнде жететін. Онді ол электрондық қызметтің көмегімен екі күнге қысқарды. Бұл- шыныменде кез келген ұйым үшін ыңғайлы.

Аталған басқосуда пошта бөлімшелерінің қызмет сапасы сөз болды. Оларға хаттар мен сәлемдемелерді мерзімді жеткізу жөнінде ұсыныс берілді. Кейін, мемлекеттік органдардың жұмысы сараланды.

АЗАМАТ БАЙТЕМІРОВ, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- 2019 жылдың бірінші жартысында бір жарым миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 63 проценті электронды түрде ұсынылған. Сонымен қатар, облыста мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл, ішкі бақылау қызметтерінің көмегімен 85 тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 2 мыңға жуық бұзушылық анықталған.

Жиын соңында бұзушылыққа жол бергендер өз мекемелерінің жұмысындағы олқылықтарды жақын арада жоятынын айтты.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар