ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

17 АДАМ ТЕСТІЛЕУДЕН ШЕТТЕТІЛДІ

17:57, 15 тамыз 2019

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де магистратураға түсу емтихандары аяқталды. Тамыздың 10 мен 14 аралығында өткен сынаққа өңірімізден 366 адам қатысуға ниет білдірген. Алайда олардың 19-ы тестілеуге келмепті.

Биылғы емтихан ҰБТ форматында өтіп, оны онлайн трансляция арқылы ҚР Блім және ғылым министрлігінің өкілдері, арнайы комиссия мен «Қызылжар - адалдық алаңы» аймақтық жобалық кеңсесінің өкілдері бақылады. Одан бөлек аудиторияларға бейбақылау камералары орнатылып, метал детекторы мен ұялы телефон сигналын басатын құрылғылар орнатылды. Нәтижесінде 17 талапкер тестілеудің ережесін бұзғаны үшін емтиханнан қуылған.  Сынақ нәтижесіне келер болсақ 27 бакалавр 100 ден артық ұпай жинаса, 138 үміткер 75-тен жоғары балл жинады. Жалпы орташа көрсеткіші 75. Биыл үміткерлдердің басым бөлігі жаратылыстану бағытын таңдапты.

АЛМАЗ КЕНЖЕҒАЛИН, ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы ағымдағы жылы осы үміткерлердің арасында аса сұранысқа ие болып жатқан мамандықтар бұл филология оған 366 адам арасынан 33 адам ниет білдірген болатын. Дене шынықтыруға 17, тарих және археологияға 14 адам тапсырған болатын. Ал қалған пәндер бойынша 7-8 орташа 10-нан астап талапкерлер өтініштерін білдірген болатын.

Айта өтейік биыл СҚМУ-ге 81 квоталық грант бөлінген. 75 ұпайдан жоғары жинағандар бюджеттік негіздегі республикалық конкурска қатысуға өтінім бере алады. Ал ақылы негізде оқуға түскі келетіндер тамыздың 28-не дейін құжаттарын тапсыруға мүмкіндіктері бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар