ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

18 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ

20:47, 15 қазан 2020

Петропавлда «Жас өркен» ықшам ауданында салынып жатқан  18 қабатты 108 пәтерлі тұрғый үйдің айналасында шу шығып отыр. Бастапқыда мұндағы баспаналар 7-20-25 бағдарламасы арқылы берілуі керек еді. Енді, пәтерлер «Шаңырақ» бағдарламасымен, әкімдікте кезекте тұрғын азаматтарға арналған делінген. Ал қалалық әкімдік үйдің тағдырын әлі шешпепті. Мәселенің мән жайын әріптесім біліп қайтты.  

Мына жиналған жандар  «Жас Өркен» шағын ауданында салынып жатқан 18 қабатты тұрғын үйден  7-20-25 бағдарламасы бойынша пәтер аламыз деп  ниеттенгендер.  Аталмыш тұрғын үйдің «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша берілейін деп жатқанын естіп келіпті.  Олар бұл ақпарат  күні кеше ғана жерігілікті әкімдіктің сайтында жарияланды дейді. Көпшілік бұл үйдің қолданысқа берілуін жарты жыл күткен. Бірақ жергілікті атқарушы органдар әне - міне беріледі деп халықты күттіріп қойған.  

МАҒЖАН ИМАНБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұл 18 қабатты үй мәселесі бойынша келіп отырмыз. Әкімдіктің сайтында 7-20-25 бағдарламасы бойынша беріледі деген болатын . Күтіңіздер әлі үй эксплуатацияға берілген жоқ деп күттік. созды жарты жыл. Енді бізге айтады. 5-10-20 бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандарға беріледі деп ауыстырды. Неге бізді алдады. Неге нақты айтпайды. Сұрақ қойсақ әлі күтіңдер шешкен жоқпыз 30-на дейін созамыз ар жағында шешеміз деп айтуда. Жилстрой осы бағдарлама бойынша қабылдап жатырмыз. Халыққа неге жарты жартыдан бөліп бермейді.

Бұл үйдің құрылысы былтыр басталған.  Құрылысы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  жүзеге асуда. Тұрғын үйдің аталмыш бағдарламаның қай  бағыты бойынша қолданысқа берілетіндігі әлі белгісіз.

ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл үй «Нұрлы жер» бағдарламасының бірнеше бағыты бойынша қолданысқа беріледі. Әлі шешім қабылданған жоқ. Ол 7-20-25 бойынша немесе «Шаңырақ» және әкімдікте кезекте тұрған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына берілеме әлі белгісіз. Бұл мәселе Әкімдіктің отырысында анықталады. Қаулы әкімдіктің сайтында жарияланады.

Бүгінгі таңда  18 қабатты 108 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілерді өткізу жұмыстары аяқталуда. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы  бойынша қаламызда 22  тұрғын үй салынып жатыр.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...