ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

18 ҚАЗАН – РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ

20:42, 15 қазан 2020

18 қазан – ҚР рухани келісім күні. Татулық пен бірлікті мақсат еткен мейрам қарсаңында Петропавл қалалық мешітінде дін қызметкерлері, діни басшылар мен бұқараның басы қосылып, дөңгелек үстел барысында өзара пікір алмасты. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Естеріңізге сала кетсек, 1992 жылы Алматы қаласында ҚР тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен рухани келісімнің Бүкіләлемдік Бірінші Конгресі өтті.  Сол шарада 18 қазан - Рухани келісім күні ретінде еліміздің атаулы күндерінің қатарына қосылды. бұл мереке елімізде жыл сайын лайықты деңгейде аталып келеді.  Биыл да бұл рухани мереке назарсыз қалмай, қалалық мешітте  «Ынтымақ. Бірлік. Татулық» атауымен дөңгелек үстел өтті.

КЕНЖЕТАЙ БАЙКЕМЕЛҰЛЫ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

- Өз араларымыздағы бірінші дін өкілдерінің татулығы, қарым-қатынастығы. ҚҰрбан айт басқа да мейрамдарда бұл кісілерде арнайы келіп өздерінің құттықтауларын айтып жатады. Ең басты мақсатымыз, «Ынтымақ, Бірлік, Татулық. Осы қазақстанда тұрып жатқан барша диаспора өкілдері 100ден астам деп айтады, бірақ бір жерде бір заманда өмір сүріп жатқандықтан кейін арамыздан татулық кетпеу керек.  

Бүгінгі таңда СҚО 136 ұлт өкілі бірлік пен татулықта өмір сүріп келеді. Дөңгелек үстелде түрлі ұлт өкілдері, аға буын мне жастардың басы қосылып,  діндер, тілдер мен дәстүрлердің маңыздылығы туралы айтылды. Петропавл және Булаев епископы елдегі және облыстағы бейбітшілік тақырыбы жайлы әңгіме өрбітті.

ВЛАДИМИР, ПЕТРОПАВЛ ЖӘНЕ БУЛАЕВ ЕПИСКОПЫ:

- Қазіргі таңда елімізде ойға, сөзге дінге деген еш шектеу қойылмаған. Алайды, осы еркіндікті ағайындарымыз дұрыс түсіну қажет. Бізге берілген бұл бостандық, халқымызға, дінімізге көрсетілген құрмет. Сондықтан, достар теріс ағымдарға бет бұрмай, қолда барды қадірлей білейік.  

Сондай-ақ, шара барысында өскелең ұрпақтың дұрыс бағыттағы рухани қалыптасуы жайында сөз қозғалды.  

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...