ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

№2 ОРТА МЕКТЕПКЕ 100 ЖЫЛ

20:48, 6 қараша 2019

Петропавл қаласындағы ең көне білім ордаларының бірі №2 орта мектебі - 8 қараша күні бір ғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осы жылдар арасында оқу орнын мыңдаған түлек бітірді. Бұл оқу ордасында атақты жерлестеріміз білім алған, олар бүгінгі таңда ҚР, Ресей мен алыс шетелдерде еңбек етіп жатыр. Салтанатты шараға еңбек ардагерлері, білім саласының өкілдері, оқушылар мен ұстаздар қатысады. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

№ 2 орта мектеп – бір ғасырлық тарихы бар білім ордасы.  Мектеп түлектері, бүгінде  құрылысшы мен экономист, қаржы маманы мен әртіс, мұғалім мен дәрігер – яғни бар салада табысты еңбек етіп жүр.

ӘМИНА БАЙБУРИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мектептің 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама  жоспарлап қойдық. Салтанатты шара барысында еңбегі сіңген ұстаздар мен оқу озаттары марапатталады. Сонымен қатар, елдің түкпір-түкпірінен мектеп түлектері жолдаған құттықтаулар  бейнехабарламалары көрсетіледі. 

Бүгінде оқу орнының басты жетістіктерінің бірі - 314-ші атқыштар дивизиясы туралы мәліметтер жиналған мұражай. Бұл мектепті Кеңес Одағының батыры, мектеп түлегі Виктор Булавский бітірген. Оқу орнының әкімшілігі мектеп қабырғасыннан түлеп шыққан батырлар туралы материалдар жинауды жалғастырып келеді. 

ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚОСПАҚАЕВ, ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ, МУЗЕЙ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл мұражай 1978 жылы ашылған болатын. мұражайда 200-ден астам экспонат  бар. Соңғы жаңалықтарды айта кететін болсақ, 314 атқыштар девизиясының әскерлері 12 солдатты Қазақстаннан делегациясы аттанып полясына ленинград облысына оларды жерлеуге аттанған болатынбыз. Сол .. жерден атқыштар дивизиясының экспонаттар әкелінген болатын.   

1987 жылы 10 «б» сыныбын бітірген Александр Кузнецов 1996 жылы Шешенстанда соғыста қаза тапты. Оның артында жұбайы мен үш баласы қалды. Александр Кузнецовтың «Ерлік» ордені оның туған-туыстарына табысталды.  

ГАЛИНА ХАРТУКОВА, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

Мен мектепте 25 жыл еңбек еттім. Әртістер, тележүргізушілер, мұғалімдер мен дәрігерлер, алдымнан қаншама білімді де, дарынды оқушылар шықты. Александр Кузнецов өте қарапайым, байсалды бала болатын. Шешенстанға аттанып, қаза тапты.   

Ғасыр ішінде білім беру саласында көп өзгерістер болды. Білім беру жүйесі, әдістемелер мен материалдық-техникалық база жаңарды, оқушылар мен мұғалімдердің көзқарасы өзгерді. Өзгеріссіз қалған бір нәрсе бар ол-сабаққа шақырған қоңырау үні. 

Айта кеткен жөн, бір ғасырлық тарихы бар білім ордасы биыл мерейтойға орай күрделі жөнделді.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...