ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

2 ЗИРАТТАН 100 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

13:02, 29 мамыр 2020

Петропавл қаласы маңында орналасқан 2 зираттан 100 тонн қоқыс шығарылды. Қоқыстың көптігінен қорымды тазартуға арнайы компания тартылды. Тазалық жұмыстары сәуір айында басталып, жаз бойы жүргізілмек. 

Зират басында тазалық болуы қажет. Алайда туған-туыстарының басына келген кей қалалықтар қоқысын отырған жерінде қалдырып кетеді екен. Салдарынан зираттың ішінде аяқ алып жүріп болмайды. Кей жерлерде қоқыс алаңдары да пайда болыпты.  

ЕЛЕНА ОПРЫШКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұл зиратта ата-анам жерленген. Жылына 2 мәрте келем. Әкелген бұрынғы гүлдерді жинап, қоқыс контейнерлеріне салып жүремін. Осында туысқандарым жатқан соң, өз учаскімде тазалаймын.  Қалалықтарға айтарым, өз соңдарыңыздан қоқыс қалдырмай жинап жүрсеңіздер екен.

Биыл Новопавловка мен Жұмысшы кентіндегі зираттардан қоқыс шығару жұмысына арнайы компания бекітілді. Қала әкімдігінен бұл мақсатқа 15 млн теңге бөлініп отыр.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Қала әкімдігі сәуір айынан бастап зираттарда тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мердігер «Реч Номод Норд» компания. Жаз бойы зираттардан қоқыс шығарады.

Айта кеткен жөн, бүгінде Петропавлдағы қос зираттан 100 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл жұмысқа 4 камаз бен 1 жүктиегіш техника жұмылдырылған.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
17:16, 10 шілде 2020
БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...