ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

20 ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

18:01, 17 шілде 2019

Өткен жылдан бастап қорғаныс істері министрлігінің қолдауымен әскери қызметкерлердің баспана мәселесін шешу мақсатында «Әскери баспана» бағдарламасы іске қосылған болатын.  Петропавлда  жарты жылдың ішінде қорғаныс істер департаментінің 20дан астам қызметкері аталмыш бағдарлама арқылы баспаналы болды. Тағы 40-қа жуығы өз кезегін күтуде.

Бұл қоныс тойды  Ибраевтар отбасы 10 жылдан бері күткен. Отағасы Әнуар Ибраев 2008 жылдан бері әскери қызметте. Бүгінгі күні әскерге шақыру бөлімінің басшысы. Қалада жаңадан бой көтерген тұрғын үйлердің бірінен 3 бөлмелі пәтер алды. Мемлекеттің қолдауы арқасында арманыма  қолым жетті, - дейді ол.

ӘНУАР ИБРАЕВ, СҚО ҚОРҒАНЫС ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Осы уақытқа дейін біз жалдамалы пәтерде тұрып келдік.. Өз үйің, баспанаң болмағандықтан екі қызбен бірге көшіп жүру қиын екен. Қазір міне еңбек демалысындамын. Жағымды машақатпен өтіп жатыр. Негізі өткен жылы біз өтініш тастаған болатынбыз. Белгілі себептермен берілмеді. Енді  1 ай бұрын қайта өтініш жазғанымызда, бізге үй беретіндігін айтты.

2012 жылдан бастап жалдамалы пәтерде жүрген әскери азаматтарға өтемақы төленген болса,енді ол тұрғын үй төлемдеріне ауыстырылған. Яғни, қаражат бұрынғыдай қызметкерлердің  қолына берілмей, керісінше  екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке арнайы шоттарына аударылады. Осы аударымдар арқылы әрбір әскери салада еңбек етіп келе жатқан азамат «Әскери баспана» «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламаларымен баспанаға қол жеткізеді.

ДӘУЛЕТ ТОЛЫБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерге көңіл бөлуінің арқасында «Әскери баспана» «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламаларымен баспаналы болып отыр. Осындай жобалар әскери қызметкерлердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Әрбір әскери қызметкерді баспанамен қамту Қазақстан армиясының беделін арттырып,ЖАСТАРДЫҢ мамандыққа деген қызығушылықтарын оятады  дейді  қорғаныс істер департаментінің  қызметкерлері.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...