ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ҚАЖЕТ ПЕ? Толығырақ

200 САРБАЗ ҮЙЛЕРІНЕ ҚАЙТТЫ

17:54, 14 маусым 2018

Бүгін Петропавлдағы 66/37 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген 200 сарбаз бірер күннен кейін үйлеріне оралады. Олардың басым бөлігі, Шымкент, Павлодар, Тараз бен Қостанай қаласынан келген жастар. Шара барысында сарбаздар үшін шағын концерт ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бір топ курсант әскери қызмет міндеттерін адал орындағаны үшін арнайы марапатқа  ие болды. Салтанатты жиынға қатысып келген әріптесім Нұрбол Балғабеков айтып береді.  

Әскер қатарында болған  бір жылда  бұл азаматтар көп нәрсеге үйренгені  анық. Ұлттық ұлан  бөліміндегі  темірдей тәртіп, оқу мен жаттығу олардан қайыспас қайсар тұлғалар мен жігерлі жігіттер жасады. Олардың арасында Шымкент қаласынан келген Бауыржан Жұман да бар. Оның айтуынша «бір жыл көзді ашып жұмғанша» өтіп кетті дейді.

БАУЫРЖАН ЖҰМАН, ҚАТАРДАҒЫ САРБАЗ:

Мен осы әскер қатарына 18-ші маусым күні қабылдандым. Мен осы әскер қатарында жедел мақсатындағы батальонында әскери қызметімді өтеп жүрмін. Әскердегі өмірім қызық өтті жалпы жаңа достар таптым. Бір нанды бөлісіп жеген күндеріміз болды. Ержігіт болғансоң осы әскери қызметті атқарған дұрыс.

Бір жыл көлемінде олар автоматты шашып жинауға, әскери тәртіпке үйреніп, физикалық дайындықтарын пысықтады. Айта кеткен жөн, отан алдындағы борышын өтеген жандар әскери бөлімнен 4 күннен соң үйлеріне қайтады.

КЕНЖЕБОЛАТ БАЛТАБАЕВ, ҚР ҰҰ 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сонымен қатар, келісім шарт бойынша өз елді-мекендерінде әрі қарай қызметін жалғастыратын жастар да бар. Олардың саны 10 адам. Олар қазірдің өзінде өз қалаларына ауыстырылып үлгерді.

Айта кетейік, келесі шақыру науқанында өңірімізге Қарағанды, Павлодар, Тараз, Шымкент қаласының жастары келеді деп жоспарланып отыр. Шара соңында жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашты.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, сарбаз, әскер қатарында

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ЖАҚСЫ ӨТКІЗУДЕ
21:09, 20 шілде 2018
БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ЖАҚСЫ ӨТКІЗУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар