ШҰҒЫЛ! ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА ҚОРЛАРЫ ТАУСЫЛЫП ЖАТЫР Толығырақ

2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

17:52, 17 қаңтар 2020

2019 жылы экономиканың барлық салаларында оң қарқын байқалады. Облыстық әкімдіктің отырысында әр басқарма жетекшісі есеп беріп,  экономика, ауылшаруашылық, өнеркәсіп секілді бірқатар салаларда атқарылған жұмыстармен және 2020 жылға деген жоспарларымен бөлісті. 

2018 жылмен салыстырғанда былтыр тұрғын үйлерді енгізу индикаторы 15 процентке,  негізгі капиталға инвестициялар көлемі 8,8 процент, құрылыс жұмыстары 7,6 процентке, өнеркісіп өндірісі 2 процентке өсті. Ауылшаруашылық тауарларын шығару көлемі 0,4 процентке ұлғайған.

АСҚАР САҚЫПКЕРЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жамбыл, Аққайын және Тимирязев аудандарында кері динамика байқалады.  Есіл, Ғ. Мүсірепов пен Петропавлда да ауылшаруашылық тауарларының өсімі орташа деңгейден төмен. Мал шаруашылығының көрсеткішін биыл 30 пайызға дейін жеткізуіміз керек. 2019 жылы облыста 12 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылды.  Бұл негізінен ауылшаруашылық саласына тиесілі.

Облыс әкімі мал шаруашылығына қатысты жоспармен келіспеді. Өңірде ауыл шаруашылығы саласында жүргендердің бәрі бірдей мал өсіруді қатар алып жүрген жоқ.  Өңір басшысы аудан әкімдеріне бұл мәселеге ден қойып,кәсіпкерлермен жұмыс істеуді тапсырды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл жоспарды қабылдамаймын. Бүгін кәсіпкерлерді қолдау шаралары өте көп, жеңілдетілген несиелердің түрлері,  субсидия беру амалдары өсті.  Тек жұмыс істеу керек. Бұл ауылшаруашылық басқармасының ұйымдастырушылық қабілетін тікелей көрсетеді. Қолдарынан келмесе орынды босатыңдар. 

Өнеркәсіп секторы 2019 жылы 254,4 млрд теңгенің өнімін шығарды. Бұл негізінен Петропавл қаласында орналасқан кәсіпорындардың үлесі.

АРМАН ОРАЗҒҰЛОВ, СҚО ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Биыл өнеркәсіп нысандары шығарған өнім көлемін 285,9млрд теңгеге дейін жеткізбек.  Машинажасау кәсіпорындарының тапсырыс көлемі 69 млрд теңгені құрады бұл өткен жылға қарағанда 2,2 процентке көп.  ПЗТМ мен Киров зауыттары жоспарлы техникалық жаңартудан өтеді. ЗИКСТО зауыты биыл толық қуатында жұмыс істейді. 

Өнеркәсіп саласының жұмысын қорытындылай келе,  Құмар Ақсақалов аудандарда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу қарқыны  төмен екендігін айтты. Облыста биыл баспана тұрғызу жоспары ауқымды. Қолданысқа 2800-ден астам пәтер берілмек.

СЕРІК МАҚСҰТҰЛЫ, ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Пәтерлердің 420-сы  әлеуметтік топтағы азаматтар үшін салынады. Оның 108-і аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналады. 1122 пәтер мемлекеттік қолжетімді бағдарламалар арқылы сатылады. Жеке инвесторларды тарту арқылы 950 пәтер тұрғызылып, оларды 7-20-25 бағдарламасы арқылы өткізу жоспарланған.  

Құрылыс қарқыны жақсы, жыл сайын қолданысқа енгізіліп жатқан баспаналардың саны артып келеді. Облыс әкімі тиісті басқарма жетекшілеріне, «Нұр Отан» партиясының өңірлік бақылау комиссиясына  мердігер компаниялардың жұмысын қадағалап, сапасына көп мән беру қажеттігін баса айтты. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жұмыс ісегендер нәтиже көрсетеді. Ауылшаруалық саласын дамытуға  бізде табиғи және мемлекеттік қолдаудың арқасында үлкен мүмкіндік бар. Алайда соны қолдана білмейміз.Аққайын, Жамбыл Тимирязев аудандары осы орайда төмен нәтиже көрсетті.  Есіл мен Ғ. Мүсірепов аудандарында  еш өзгеріс жоқ. Өсім де жоқ. 

Есесіне облысқа инвесторларды тарту жұмысы жақсы жолға қойылған.  Биылғы жоспар бойынша жекеменшік инвесторлардың үлесін  407 млрд теңгеге дейін жеткізу керек. Солтүстік Қазақстан облысының емдеу мекемелеріне биыл 132 медициналық қондырғы алынады. Алғашқыларының бірі – заманауи МРТ қазір облыстық ауруханаға орнатылып жатыр.

- «Қондырғы жиі істен шығатын, сондықтан адамдар басқа өңірлерге барып, тексерілетін. Тұрғындар 7 күннің ішінде МРТ өтуге мүмкіндік алуы керек. Бірнеше апта күтіп отыруы дұрыс емес. Тексерістерді 2 ауысымда жүргізу керек»

Дүниежүзілік банктің қаражаты есебінен облыстың 13 ауданына ультрадыбыстық зерттеу аппараттары,  видеоэндоскопиялық тіреу,  ИВЛ аппараты орнатылады. Жедел жәрдем көлігінің биыл 18-і алынуы тиіс.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...