ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

2020 ЖЫЛҒА ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ НАҚТЫЛАНДЫ

20:52, 28 қараша 2019

Президент тапсырмасына сәйкес, жаңа жылдан бастап денсаулық сақтау, мәдениет салаларына мемлекттік қолдау зор болмақ. Жылда бөлінетін қаражаттың сомасы әдеттегіден көп. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Аталмыш институт 2020-2022 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылады. 

Келесі жылы өңірге ел қазынасынан 145 млрд. 75 млн.теңге бөлінеді. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы жеткізді. 6,5 млрд теңге азаматтық қорғаныс саласына бағытталады. Одан екі есе кем сомма мәдениетке беріледі. денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалмады. Биыл тегін дәрі-дәрмекке мемлекеттен 3,6 млрд. теңге бөлінген. Оның игерілуі жайында тиісті ведомство басшысы есеп берді. 

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Қазіргі таңда 73  мың адам тегін дәрмекпен қамтылды.  Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын сирек ауру түрлеріне 160 млн теңге бөліп отырады. 

Отырыс барысында «Еңбек» бағдарламасының жергілікті жерде орындалуы сөз болды.  Жыл басынан нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жобасына 5 мыңнан астам адам қатысқан.

РИНАТ ЕЛЖАСОВОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТIРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қыркүйек айында қайта даярлау курсына 729 мектеп түлегі өтті. Олар ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған. Бұдан өзге  әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 720 жас колледждерде оқып жатыр.

Қайта даярлау курстары 10 колледжде және 15 оқу орталығында ұйымдастырылған.  Бюджет есебінен арзан несиеге 5 млрд. теңге қарастырылыпты. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...