ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

21 МЫҢ ТҰРҒЫН КӨЛІК САЛЫҒЫ БОЙЫНША БЕРЕШЕК

17:17, 29 қазан 2020

Бүгінгі күні 21 мың солтүстікқазақстандық көлік құралдарына салынатын салық бойынша   467 млн теңге  қарыз. .  Қазіргі таңда 11 мың ТҰРҒЫННЫң  19млн теңге сома өсімпұлы есептен шығарылды. Олар 180 млн теңге негізгі қарызды жапқан. Жалпы өңірде 92 мың жеке тұлғаның меншік құқығында 136 мыңнан астам көлік құралы бар.

Көлік иелерінің 10 мыңға жуығы салық заңнамасына сәйкес салық төлеуден ішінара не толық босатылған. Олардың қатарына ҰОС ардагерлері, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар кіреді. 2020 жылдың 9 айының ішінде бюджетке көлік құралдарына салық төлеушілерден 642 млн теңге көлемінде қаржы түскен.

ТӨЛЕГЕН ҚАБДӨШЕВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Қазақстан Республикасында тіркелген және есепте тұрған тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады. Жеке тұлғалар салықты мерзімінде яғни желтоқсанның 31не дейін толық немесе мүлдем төлемеген жағдайда салықты есептеуді салық органдары жүргізеді.

Осылайша, егер көлік құралы сенімхат бойынша немесе шарт бойынша сатылса, ал жаңа иесі көлікті уәкілетті органда қайта ресімдемесе, мемлекеттік кірістер органдары салықты есептеуді бұрынғы иесіне жүргізеді. Бұл ереже жол көлік оқиғасына ұшыраған немесе бөлшектеп саудаға түскен темір тұлпарларға да  қатысты. Осылайша бүгінгі күні 21 мың жерлесіміздің 467 млн теңге көлемінде берешегі бар.

ТӨЛЕГЕН ҚАБДӨШЕВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Салық бойынша берешек сомасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан білуге болады. Бұл қызмет бүкіл республика бойынша ақпаратты көрсетеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 25 тамызынан бастап жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық басталғанын еске салғым келеді.

Салықтық рақымшылық жасау аясында  біздің отандастарымыз өткен жылдардағы мүлік, жер және көлік құралдары салығы бойынша негізгі борыш сомасын төлей алады және оларға есептелген өсімпұлдар ескерілмейді.  Бүгінгі күні 11 мың жерлесіміз бұл мүмкіндікті пайдаланды, олардың  19млн теңге сома өсімпұлы есептен шығарылды. Көлік иелері 180 млн теңге негізгі қарызды төлеген.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...