ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

31 ҚАЗАН - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖИНАҚТАУ КҮНІ

20:42, 30 қазан 2020

31 қазан Дүниежүзілік жинақтау күні. Мерекеге орай Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары балаларға арнап ашық сабақ өткізді.  Жасөспірімдер қаржыны қалай үнемдеуге болатындығы жөнінде мамандардың дәрісін тыңдады.

Ақерке Қоңырбаева 8 сынып оқушысы. Жеткіншек жасына қарамастан үнемдеп, қаржы жинауДЫҢ не екенін біледі. Оқушылар сарайының «қаржылық сауаттылық» үйірмесінің  басқа да қатысушыларымен бірге,ол  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өткізген ашық сабаққа қатысты.

АҚЕРКЕ ҚОҢЫРБАЕВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

- мен 2-3 жылдан бері ақшаны жинап, анама сыйлық әпердім.  2,41 Қазіргі мақсатым  әжеме отбасылық сурет сыйлау.. соған ақша жинап жүрмін.

Табыс мөлшерінен аз ақша жұмсау. Бұл үнемдеудің негізгі ережесі. Нарық заманында ересек адамдармен бірге балаларға да қаржылық сауаттылық талабы қойылады.  «Қаржыны үнемдеу» сабағында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары балаларға ақша үнемдеу, оны тиімді жұмсаудың қыр сырын таныстырды.

НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ,  «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ СКОФ PR МЕНЕДЖЕРІ:

- Бір сағаттың ішінде, қолымыздан келгенше, ақшаны қалай үнемдеуге болатынын, арманына қалай жетуге болатынын, болашақта телефон алғысы келсе,  үй алам деген үлкен асқақ арманы бар балалар болады.  Соған жету жолдарын түсіндіреміз. 

Бүгін өңірдің 46 мыңға жуық тұрғыны қаражатын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сеніп тапсырған.  Олардың 4600 –ге жуығы балаларға арнап ашылған  депозиттер. Бір айта кететіні, қаржы институтының «Арнау» депозиттері балаларға ер жеткесін баспананы небары 2 процентпен алуға мүмкіндік береді.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:46, 27 қараша 2020
ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
20:34, 27 қараша 2020
5 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ЕСЕПШІ СОТТАЛДЫ
Толығырақ...
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
17:24, 27 қараша 2020
ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ МҰЗ БЕТІ ӘЛІ ДҰРЫС ҚАТҚАН ЖОҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...