ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

34 САРБАЗ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

13:04, 10 қыркүйек 2019

Жеңіс саябағында әскери-техникалық мектептің 34 сарбазы ант қабылдады. Олар 40 күндік оқу мерзімі кезінде сарбаздықтың қыр-сырын үйреніп, әскери билет алып шығады.Толығырақ әріптесім жалғастырады.
Әскери техникалық мектепке 24 пен 27 жас аралығындағы жоғары білімі бар жігіттер түсе алады. 40-күндік оқу ақылы түрде жүргізілді. Оның құны 263 мың теңге.  

ЖАЙЛАУ ШӘРІПОВ, ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Жас жауынгер курсы әскердегі мерзімді қызметті алмастырады. Оны аяқтағаннан кейін бітірушілер әскери билетке қол жеткізеді. Азамат Қалиев - әскери техникалық мектепке түсу үшін арнайы Қостанай облысының Арқалық қаласынан келіпті.

АЗАМАТ ҚАЛИЕВ, ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ТҮЛЕГІ:

Бұл-ант қабылдаушылардың бесінші легі. Жалпы  жыл басынан бері білім ордасында 187 сарбаз оқып шығып, әскери билет алды.


Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар