ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

47 МЛН ТЕҢГЕГЕ 10 ТЕГІН АВТОТҰРАҚ САЛЫНАДЫ

17:17, 22 мамыр 2020

Петропавлда жаз уақытында тегін 10 автотұрақ қолданысқа беріледі. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 47 млн теңге бөлінді. Алғашқы автотұрақ Новая көшесіндегі нөмірі 108, 110 және 112-ші үйлердің жанынан салынды. Ол 50 көлікке шақталған. Тақырыпты әріптесім Аманжол Нұртазин сабақтайды.

3 жыл бұрын бұл жер жекеменшікте болған. Иесі осы аумақты қоршап, ақылы автотұрақ етіп пайда көргісі келген. Алайда бизнесменнің ойы жүзеге аспай, 120 шаршы метр жер игерілмей қалды. Енді міне, жергілікті тұрғындардың қуанышына орай, қала әкімдігі тегін автотұрақ салды.     

ТАТЬЯНА ИВАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бізге автотұрақ керек еді. Бос тұрған аумаққа асфальт төсегені қуантады. Енді көлік қоюға жер бар.

СЕРГЕЙ СУХОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Көлікті қоятын жер болмағандықтан үйдің сырт жағына қалдыратынбыз. 5 қабатты баспанамызда тұратындарда көліктер көп. Әсіресе, біреуге қонақ келсе, орын жетпей қалады. Бұл автотұраққа біз қатты қуанып жатырмыз.

Биыл қалада 10 тегін автотұрақ ашылады. Оның құрылысына 47 млн теңге бөлінген. жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден аспақ. Әрқайсысы 40-60 көлікке шақталады.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аулалардан көліктерді босату үшін 10 тегін автотұрақ салынатын болады. Алғашқы Новая көшесінде орын тепкен. «МегаСтройИнвест» серіктестігімен келісімшарт жасалған. Алдағы 9-ның құрылысы жүргізіледі.

Қала әкімдігі тұрғындардың шағымдары бойынша да жұмыс істеп жатыр. Мәселен, биыл әлеуметтік нысандарға апарар жолдар күрделі жөндеуден өтпек.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...