ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

64 ЖАСӨСПІРІМ ЕСЕПТЕ ТҰР

17:58, 15 тамыз 2019

Петропавлда  кәмелет жасқа толмаған 64 бала және 74 отбасы  ювеналды полицияда профилактикалық есепте тұр.  Мамандардың айтуынша, 18 жасқа толмаған жасөспірімдер қоғамда тәртіп бұзса немесе  қылмыс жасаса осы тізімге енгізіледі.  Бүгін қалалық  білім беру және спорт басқармасының мамандары ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Жиынның басты мақсаты ювеналды полицияда есепте тұрған балалар арасында саламатты өмір салтын   насихаттап, оларды  спорттық үйірмелерге қатыстыру.Бұл жасөспірімдер мен олардың  отбасы мүшелері әрқашан тиісті мамандардың  жіті қадағалауында екен. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар аталмыш түсіндірме шараларын жиі өткізуді жоспарлауда.

ЖАНАТ МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Бұл шара кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында өткізіліп отыр. Біздің қаламызда  балалар мен жасөспірімдердің 13 спорт мектебі жұмыс істейді. Ол жерде толық емес отбасыдан шыққан 51 және көп балалы шаңырақтан шыққан 94 жасөспірім үйірмелерге қатысады. Әрине есепте тұрғандар да келіп қатысуға ниет білдірсе болады. Бүгін міне жиын барысында оларға  спорттық үйірмелер   жайлы мәлімет бердік.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар