ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

8 ШЕТЕЛДІК ЕЛ АУМАҒЫНАН ШЕТТЕТІЛДІ

18:07, 11 қыркүйек 2019

Қыркүйектің 9-нан облыс полицейлері «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы АЯСЫНДА жұмыс істеуде. Вокзал маңы алаңы, базарлар, құрылыс НЫСАНДАРЫ мен транзиттік көліктер тәртіп сақшыларының назарына алынған. Мемлекетімізде шетелдіктер қандай заң бұзушылықтарға жол беретіні жайында облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалда.

Іс-шара сыртқы көші-қон ережелерінің бұзушылықтарына қарсы күреске бағытталған. Соның бірі - Қазақстан аумағынан шығару туралы шешімді орындамайтын шетелдіктерді анықтау. Ұсталғандардың бірі – Петропавл қаласында ұзақ уақытқа қонақтап қалған 20 жастағы ресей азаматшасы.

- Просрочила, миграционную карточку мне дали, в течение 13 дней я должна была пересечь границу, я не пересекла её.

Құқық бұзушы таныстарының үйінде қонақта болған. Көп ұзамай полиция қызметкерлері оның тұрғылықты жерін анықтап, жинаған материалдар сотқа жіберілді. 

АЙНАГҮЛ САУТБЕКОВА, СҚО ПД АРНАЙЫ ЖЕКЕ ВЗВОДЫНЫҢ КІШІ ИНСПЕКТОРЫ:

- Осылайша көші-қон қызметкерлерімен бір жыл ішінде екі рет көші-қон заңнамасын бұзған Ресей азаматы анықталып, сот шешіміне сәйкес әкімшілік жолмен ҚР аумағынан бес жылға шығарылды.

Ал құрылыс аланыңда аспазшы болып жұмыс істеген мына Өзбекстан азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бас бостандығын шектеу орындарында жарты мерзімін өтеп шыққан ол елден шығару бойынша тағы да сотқа келіп отыр. Осы жолы сот оған ҚР аумағына 5 жылға дейін кіруіне тыйым салды.

- В Казахстан заехал в 2017 г., в Казахстане нарушили, через 6 месяцев судили, 2 года посадили.

«Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының басынан сот шешімімен Республика аумағынан 8 шетелдік шығарылды. ҚР аумағында болу ережелерін бұзудың 247 фактісі анықталды. Көп жағдайда шетел азаматтары тіркелу мерзімін, не болмаса көші-қон қызметін хабардар етпестен тұрғылықты мекенжайларын өзгертіп жатады. Шетелдік қонақтарды тіркемегені үшін 75 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды. Тағы 10 солтүстікқазақстандыққа шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы қыркүйектің 12-не дейін жалғасады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...