ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

«ABAI. 175 JYL» АТТЫ КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ ШАҚАЛАР АЙНАЛЫМҒА ШЫҚТЫ

20:35, 13 тамыз 2020

Қазақстанның Ұлттық банкі тамыздың 10-ы күні «ABAI. 175 JYL» атты коллекциялық шақаларды айналымға шығарды. 3 түрлі монетаның номиналы 500 және 100 теңге. «Көрнекті оқиғалар мен тұлғалар» сериясына жататын шақалар карантинге орай әзірге сатылымға түскен жоқ. Тілшіміздің бейнематериалы.

Биыл еліміз Абайдың 175 жылдығын атап өтуде. Айтулы датаға орай, Қазақстанның Ұлттық банкі ұлы ақынның құрметіне «ABAI. 175 JYL» атты коллекциялық монеталарды шығарды. Шақалардың беткі жағында мемлекетіміздің гербі бейнеленіп, екі тілде Қазақстан Республикасы деп жазылған. Екінші бетінде Абайдың портреті басылып, туған және қайтқан жылдары жазылған. «Proof» сапалы монеталар күмістен құйылған.  

 АЛЕКСАНДР АФАНАСЬЕВ, «ҰЛТТЫҚ БАНК» РММ СҚФ КАССА МЕҢГЕРУШІСІ : 

Күміс шақаның салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 миллиметр. Номиналы 500 теңге. 1500 данамен шығарылды. Бұл монета 10 мың теңгеге саудаланатын болады.

Ал номиналы 100 теңгелік шақа мельхиордан құйылған. Салмағы 15 грамм болса, диаметрі 33 миллиметр. Тиражы 8 мың дана.

АЛЕКСАНДР АФАНАСЬЕВ, «ҰЛТТЫҚ БАНК» РММ СҚФ КАССА МЕҢГЕРУШІСІ :  

Нейзильбер материалынан жасалған шақаның салмағы 11,17 грамм, диаметрі 31 миллиметр. Оның да номиналы 100 теңге. 75 мың данамен шықты.

Айта кету керек, әзірге Абайдың 175 жылдығына арналған шақалар саудаға түскен жоқ. Қажетті ақпаратты «Ұлттық банктің» ресми сайтынан табуға болады.

Аманжол Нұртазин

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...