ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

АБАЙДЫҢ МҮСІНІН ЖАСАДЫ

20:40, 7 ақпан 2020

Петропавлдағы  ЕС 164/3 мекемесінде сотталғандарды өнерге баулуға арналған түрлі секциялар жұмыс істейді. Оған жазасын өтеп жүрген 50-ден астам адам келіп, сурет салу, қол өнер сынды тағы басқа  пайдалы іске ден қойған. Солардың бірі жақында гипстен Абай Құнанбайұлының мүсінін жасады. Арна тілшісі Нұрсұлтан Тілектесов әзірлеген бейнематериалға зер салсақ.

- Қазір міне Фемиданың мүсінін жасап жатырмын. Екі – үш күннен кейін бітірем. Қазір кішкене мна жерлерін түзеп жіберіп, содан кейін надачный қағазбен майдалап, сырлаймын...

Қайрөш Айтбаев былтыр жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айырылды. Күйзеліске түспеуі үшін мекеме қызметкерлері оған осындағы секциялардың біріне жазылуға кеңес беріпті. Өнерлі азамат желтоксан айынан бастап гипстен мүсіндер жасауға кіріскен. Шебердің қолынан шыққан туындылардың арасында Ұлы Абайдың да мүсініе бар.

ҚАЙРӨШ АЙТБАЕВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

- Абайдың 175 жылдығына мүсін жасап көрейін деп сүретін көріп. Мына суретке қарап жасадым. Өлшемдерін алдым алдымен. Барлғы сол қалпы. Тек басы мен түрін өзгерттім. Тура қарап тұр мұнда, ал суретте солға қарап тұр. 

Ол осыған дейін екі мүсін жасапты. Қазір үшінсін аяқтауға жақын. Өнерлі азамат мүсіндерден бөлек сурет те салады екен. Енді жазасын өтеп шыққан соң осы істі әрі қарай дамытып, өзінің шеберханасын ашпақ. Бүгінде бұл үйірмеде Қайрөш сияқты 17 адам түрлі дүниелер жасаумен айналысады.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

Секцияда жұмыс қызған. Мұндағы барлығы өзіне ұнайтын, икемі бар сүйікті жұмысымен айналысуда. Мысалы біреу сурет салса, енді біреуі ағаштан түрлі фигуралар жасауда. Ал мына Абайдың мүсініне келер болсақ, шебер оны дайындау үшін үш жарым күнін жұсапты. Мүсіннің салмағы 6 келі, ал ұсындығы 49 см

Наурыз айында мекемеде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай оқулары» өтпек. Айтулы шараға сотталғандардан құралған өнер ұжымы концерттік бағдарлама дайындап жатыр.

Бүгінде мекмеде 20 мен 60 жас аралығындағы 271 сотталған жазасын өтеуде. Оларды өнерге баулуға арналған 4 бірдей секция жұмыс істейді.

РҮСТЕМ РАХМЕТОВ, ЕС 164/3 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сол төрт секцияда: бос уақыт, өзін – өзі тәрбиелеу, өндірістік, санитарлық гигиеналық және қолданбалы өнер және шаруашылық көркем өнері секциялары жұмыс істеуде. 01:40 Сотталғандар өздерінің қолдан жасалған, ағаштан, саздан мүсіндерін, картиналарын көрсетіп жатыр. Алдағы уақытт осы істеген бұйымдарын көрмелерге қатыстыруға әкімшілік қолдауын көрсетіп, әрі қарай ықпал етеміз.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Біз қазір ЕС 164/3 мекемесінің «Мәдниет үйіндеміз» деп айтуға болады. Өйткені бұл ғимаратта түрлі іс – шаралар өткізіліп тұрады. Мысалы мына бөлмеге дарынды, өнерлі сотталғандар салған картиналар мен түрлі қажетті жабдықтар, сондай – ақ ағаштан жасалған түрлі фигуралар мен мүсіндер жайғастырылған. Барлығы сапалы жасалған.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша алдағы уақытта үйірмелердің ауқымын кеңйету көзделГЕН.  

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...