ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

«АҒА СЕНЬОР» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫНАН КЕҢЕС

17:52, 8 қазан 2019

Петропавлға Канададан бизнес бойынша сарапшы Хусейн Рахал келді.  Қонақжайлылықтың шыңына жеткен, өз елінде 4 бірдей мейрамхана ашқан шетелдік жергілікті кәсіпкерлерге бизнестің қыр-сырын үйретіп, әлемдік стандарттармен таныстырды.  Мұндай мүмкіндікті оларға Атамекен Ұлттық паралатысы іске асырып жатқан «Аға сеньор» жобасы беріп отыр.

Дастархан жаю, ыдыс даярлау,  майлықтарды бүктеудің үлгілері, даяшылар қонақтың қай жағында тұрып,  қызмет көрсету керек. Канададағы 4 мейрамхананың иесі, бизнес әкімшілендірудің сарапшысы Хусейн Рахал Петропавлға келіп, қызметкерлерге құнды кеңестерін беріп, қонақкүту сервисінің әлемдік стандарттарымен таныстырды.

ХУСЕЙН РАХАЛ, БИЗНЕС ӘКІМШІЛЕНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ, КАНАДА:

- Қазақстан өте қонақжай ел. Мұны талай естіп, енді өзім куәсі болдым.  Алайда сервистің өз талаптары бар. Оларды қадағалап, мән берсе, қызмет көрсету деңгейі әлдеқайда артады.  Бірақ Еуропаға еліктеп, ұлттық нақышты жоғалтпау керек. ӨЗ ерекшеліктеріңізді негізге алып дамысаңыздар сұраныс болады. 

Шетелдік маманның құнды кеңестерін алу мүмкіндігін жергілікті кәсіпкерлерге Атамекен ұлттық палатасы беріп отыр. 2015 жылдан бері іске асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Аға сеньор» жобасы аясында өңірге өзге елдерден сарапшылар келіп, 2 апта бойы оқытты.

РАХЫМБЕК ЗЕЙНУЛЛИН, СҚО ҰКП БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

-  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының  4 бағыты бойынша «аға сеньор» жобасы іске асырылып келеді. Оның мақсаты шетелдік білікті мамандарды тарту. Олардың өз миссиясы болады.Біріншіден отандық кәсіпкерлерді оқыту, даярлау, оларға жаңа модуль ұсыну.   

Кәсіпкер Айтакан Калгаева бизнесін енді бастаған жылдары шетелдік сарапшыларды шақырмақшы болған. Кейін шығынды есептеп, қымбат болғандықтан бұл идеядан бас тартыпты.   «Аға сеньор» жобасы жергілікті кәсіпкерлерге бұндай мүмкіндікті тегін беріп беріп отыр. 

АЙТЫҚАН ҚАЛҒАЕВА, КӘСІПКЕР:

- Ол кісіден көрген, білгенін үйреніп, бізге қазіргі кезде туризмді дамытуды көп көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан, біз деңгейімізді көтеріп, әлемдік деңгейге арттырамыз. Себебі біздің эспортымыз өте тәжірибелі адам. 

 «Аға сеньор» жобасы іске асырыла бастағаннан бері, өңірге 16 шетелдік маман келіп кетті.  Жобаға мемлекеттік бағдарламаның  басым бағыттары бойынша жұмыс істеп жүрген кез келген кәсіпкер қатыса алады. Атап айтсақ, қызмет көрсету, өңдеу мен қайта өңдеу. Ол үшін Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіңп өтініш беру керек.      

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
18:04, 23 қазан 2019
КӨЗ ҚЫСТЫЛЫҚ, БАРМАҚ БАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Толығырақ...
ЖАПОНДАР «АРХИВ 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНА АТСАЛЫСАДЫ
17:54, 23 қазан 2019
ЖАПОНДАР «АРХИВ 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНА АТСАЛЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар