
Ауыр атлет Айдар Қазов Азия чемпионы атағына қоса, универсиада ойындарының жеңімпазы атанды. Естеріңізге сала кетсек, тамыздың 21-і мен 27-сі күндері аралығында Қытайдың Тайбей қаласында студенттердің дүниежүзілік олимпиадасы өтті. Халықаралық жарысқа 142 елдің спортшысы қатысты. Қазақстанның намысын дүбірлі додада қорған Айдар Қазовты облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады