ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

17:56, 5 қараша 2019

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Ұлы даланың жеті қыры – болашаққа бағдар» деп аталған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға қатысқан облыстың тарихшылары, жазушылары және ғалымдары Абылай хан, Құлсары, Жансүгір мен Сүйіндік батыр, Шал ақын сынды ұлы тұлғаларымыз, сондай-ақ өңіріміздің тарихы жайлы қызықты мәліметтермен бөлісіп, баяндамалар оқыды.

Конференцияға қатысушылардың бірі Жақсыбай Самрат. Ол 2002 жылдан бері Абылай хан туралы мәліметтерді іздеп, зерттеп келеді. Ұлы тұлғаның «ақ үйін» қалыпқа келтіруге сүбелі үлес қосқан жандардың бірі. Бүгін өлкетанушы бар білгенін жастармен бөлісуді көздейді.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ, ӨЛКЕТАНУШЫ:

- Абылайға Екатерина II кезінде үй салынған. Ол кездегі Абылай болсын, сол заманның адамдары да жақсы өмір сүргісі келген. Ал бүгінгі таңда  көпшілік Абылай  аңыз тұлғаға айналды. Абылай ондайға бармаған, біреудің үйін керек қылмаған деп. Жоқ, ол кездегі адамдар да жақсы тұрғысы келген. Абылай сол кездері жер алып, шекаралық белдеу жүргізіп отырған Патша әкімшілігіне талап қойған. 

Бірақ  мұрағаттарда Абылайға Петропавлда үй салынды деген ешқандай дерек кездеспейді дейді өлкетанушы. Өйткені ол кезде тек қорған болған. Ол қорғанның құрылысы 1752 жылы басталып 1771 жылы аяқталған. Конференцияға қатысқан студенттер көптеген тың деректермен танысты.

АҚМАРАЛ ЫБЫРАЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:

- Конференция Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналып отыр. Бұл бағдарламалық  құжат кезінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жарық көрген болатын. Осы бағытта біздің университетімізде, облыс көлемінде, өңірлік деңгейде көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бір маңызды жинағы деп айтуға болады осы конференцияны.

Жыл басынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында университетте көптеген іс – шаралар ұйымдастырылды. Келер жылы  осы бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...