ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН

18:05, 19 шілде 2019

Биыл облыста   адамның иммун тапшылығы вирусы  инфекциясымен ауыратындар  саны  1,4 есеге азайған. Өңірімізде 1989 жылдан бері  диспансЕрлік есеп жүргізіле бастаған. Алғашында оған  аталмыш дертпен 1000 адам тіркелсе, олардың 14-і балалар болған.

Мамандардың айтуынша көбіне ауыратындар 29-49 жас аралығындағы адамдар . Бүгінгі күні диспансЕрлік есепте тұрғандардың 77 пайызы ер азаматтар. Жартысынан көбі психотроптық заттар мен есірткі пайдалану арқылы жұқтырған. Статистикалық көрсеткіштер бойынша, АИТВ инфекциясымен ауыратындардың 65 пайызы жұмыссыз адамдар. Облыста бұл індет   бірінші рет кішкентай қызда анықталыпты.  Қызылжар ауданында орын алған жағдай  қайғылы аяқталған. Сондықтан да, дәрігерлер аяғы ауыр әйелдерге кем дегенде 2 рет қажетті анализдерді тапсырып, кішкентай балаларына да дертке қарсы екпе қойғызуға  кеңес береді.   Айта кетейік, көбіне қауіпті аурумен  оңтүстіктен келген балалар ауыратын көрінеді.

ОЛЬГА  ШИЛКИНА,   АИТВ    АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Осы 6 ай ішінде АИТВ инфекциясын жұқтырған балалар саны 13-ке жетті. Өткен жылы 9-ғана баладан анықтаЛған болатын. Және осы дертпен ауыратындардың көбі еліміздің басқа облыстарынан келген балақайлар. Бүгінгі күні СҚО-да туылғанынан осы инфекциямен ауыратын баланың жасы 12де. Ата-анасымен бірге тұрады.  Қажетті емді уақытылы алып, емделіп жүр. Айта кету керек, есепте тұрғандардың тек 50 пайызы ғана үнемі дәрігерлерге келіп, уақытылы тексеріліп тұрады. Ал қалған 50-і жауапсыздықпен қарағандықтан басқаларға жұқтырып жатады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...