ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА "АШЫҚ ӘКІМДІК" ФРОНТ-КЕҢСЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

13:01, 16 қаңтар 2020

СҚО-да 7-ші "Ашық әкімдік" фронт-офисі жұмысын бастады. Кеңсе Айыртау аудандық әкімдігінде орналасқан. Мұнда білім, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары сынды   халық жиі жүгінетін 5 бірдей бөлімнің мамандары келушілерді қабылдамақ. Олар тұрғындарға мемлекеттік қызметтің 50-ге тарта түрін көрсетеді. Жаңашылдық жайлы келесі бейнематериалда.

Саумалкөл - облыстағы ең ірі аудан орталықтарының бірі. Мұнда 11 мыңға тарта адам тұрады. Қазір осы және өзге де айыртаулықты алаңдатып отырған өзекті мәселе бар. Селодағы кейбір мемлекеттік органдардың арасы алыс. Бір мекеме орталықта болса, екіншісі бірнеше шақырым жерде орналасқан. Сол себепті, тұрғындар уақыттарын шығындап, әрлі-берлі қатынауға мәжбүр. Енді бұл қиындық артта қалды. Аудандық әкімдікте "Ашық әкімдік" фронт-офисі жұмысын бастап отыр.

ӘСЕТ ҚОЖАХМЕТОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ:

- "Ашық әкімдікте" ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, білім, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту сынды тұрғындар жиі жүгінетін 5 бөлімнің мамандары отырады. Олар келушілерге таңғы 9 бен кешкі 6 жарымға дейін 47 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Бұрын бұл органдар әр жерде, яғни әкімдіктен тыс орналасқан еді. Енді барлығы бір орынға шоғырланды. Бұл адамдар үшін өте қолайлы деп ойлаймын.

Жаңашылдық бұл ғана емес. Ауданда өткен жылдың желтоқсан айынан бастап "Smart Airtay" қосымшасы да жұмыс істеп жатыр. Тың дүниенің тұрғындарға берері мол. Оның көмегімен адамдар барлық органдардың өкілдеріне хабарласып, фото-видео жіберіп, толғандырған мәселесін жеткізеді. Тіпті, коммуналдық төлем жасауға, туристік орындар жайлы мәлімет алуға да болады. Бұл жаңашылдықтармен облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев танысып, өзінің оң бағасын берді және тапсырма жүктеді.

РУСЛАН ӘЛІШЕВ, ОБЛЫС  ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- "Ашық әкімдік" - "Қызылжар - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің негізгі жобаларының бірі. Себебі, мұның барлығы ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында тындырылып жатыр. Біздің мақсатымыз - ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру. Енді сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Біріншіден, адамдарға қызмет көрсететін білікті мамандарды даярлау қажетсіздер. Тағы, "Ашық әкімдік"-пен қатар "Smart Airtay" жобасын да насихаттау керек. Тұрғындар жаңа қосымшаны қолданғандары жөн.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қызмет көрсету залына да бас сұқты. Мұнда қаз-қатар тізілген мамандар адамдармен қажетті ақпаратпен бөлісіп жатыр. Қазіргі күні Айыртау аудандық білім бөлімі 25 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның тек 2-еуі - электронды болса, қалған 23-і қағаз жүзінде іске асырылады екен.

ӘСЕЛ ДҮЙСЕНОВА, АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

-  Мысалы, мұғалімдерге аттестация бойынша кеңес бере аламыз. Қандай құжат жинау керектігін түсіндіреміз. Таң атқалы 2 адам келді. "Ашық әкімдік" тұрғындарға ұнады.

"Қамқор" мүгедектер қоғамының ыммен сөйлесу тілінің маманы Наталья Шевченко әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің өкіліне жүгінді. Нәзікжанды жарымжан адамдардың атынан келіп отыр. Ол мүмкіндігі шектеулі жан мемлекеттен қарастырылған арнайы ноутбукті неше жылдан кейін ауыстыра алатынын білмек. Маман азаматшаның сауалын мұқият тыңдап, барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

НАТАЛЬЯ ШЕВЧЕНКО, "ҚАМҚОР" МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ   МАМАНЫ:

- "Ашық әкімдік" біздер үшін өте қолайлы. Бір жерде бірнеше бөлім өкіліне толғандырған сауалыңды қоя аласың. Мен жаңа ғана сұрағыма жауап алдым. Мүгедек адамға ноутбук берілгеннен кейін, 5 жылдан кейін қайта өтініш жаза алады екен.

"Ашық әкімдік" - мемлекет пен адамдардың арасын жақындатып қана қоймайды, жемқорлықтың алдын алуға да септеседі. Айыртауға дейін мұндай 6 фронт-офис ашылды. Алдағы уақытта олардың қатары тағы да арта түспек.

НҰРЛАН ЖАХИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Облыс бойынша барлық әкімдіктерде ашылады. Қызмет сапасын арттыру, халықпен байланыс орнату бойынша жұмыс жалғасатынына сенімдімін.

Жалпы, өткен жылы Айыртау ауданында 19 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетіліпті. Оның 4 мыңы электронды түрде жүзеге асырылыпты.

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...