ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

АЙЫРТАУЛЫҚ ДИҚАНДАР КҮНБАҒЫСТАН МОЛ ӨНІМ АЛУДА

13:04, 16 қазан 2020

Биыл Айыртау ауданында 374 мың га алқапқа АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ дақылдары егілді. Оның ішінде– 269 мың га жерге бидай себілсе,  60мың гектары   майлы дақылдарға арналған. Қазіргі уақытта бұл ауданда  майлы дақылдарды, оның ішінде күнбағысты жинау науқаны қызу жүруде. Мәселен, «Агро-фирма Желқуар 2003» ЖШС  биыл 5мың гектар жерге күнбағыс еккен.  Дақылдардың орташа өнімділігі қанша? Науқан толығымен  қашан аяқталмақ? Мән-жайды алқап басына барған  әріптесім Ж.Қайыпова баяндасын.

«Агро-фирма Желқуар 2003» ЖШС-нің  солтүстіктегі бөлімшесіне тек 2 жыл болған. компания еліміздің Қостанай, Ақмола облыстарында да егін егеді.Айыртау ауданында жалпы 15мың 700гектар жерге күнбағыс, жүгері, бидай,арпа және соя сепкен.  Бидай жинау науқанын толығымен аяқтаған диқандар қазір күнбағыс пен жүгеріге көшкен.  

ЕСБОЛ АЙСАБАЕВ, «АГРО-ФИРМА ЖЕЛҚУАР 2003» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз үшін өткен жыл өте ауыр болды. Біз солтүстік өңірге бірінші рет келіп, егін ектік және жер құрғақ болды. Егін өнімділігі де қуантқан жоқ. Ал биыл енді барлығы жақсы деп айта аламыз. Дәнді дақылдардың өніміділігі былтыр тек 15 центнер болып еді, ал биыл орташа  20центнерге  дейін көтердік. 

Аталмыш серіктестік биыл 5мың гектар жерге күнбағыс еккен.Қазіргі уақытта тек 1мың гектар жерін жинап үлгерді.  Алдағы үш-төрт  күнде толығымен аяқтамақ.  Әзірге орташа өнімділік гектарына 20 центнерді құрап отыр.   Жалпы серіктестік тұқымның  неміс сортын таңдайды екен. Ал қамбаға жиған өнімінің көбін Қытай, Европа елдеріне экспорттайды. Себебі, шет елде күнбағысқа деген сұраныс жақсы.

ЕСБОЛ АЙСАБАЕВ, «АГРО-ФИРМА ЖЕЛҚУАР 2003» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Биыл біз бұл жерге күнбағыстың  рокки гибритін ектік. Бұл гибриттің ерекшелігі ерте пісуінде. Яғни, бұл күнбағыстар 100-105 күнде дайын болады. Ұзындығы140-170 см құрайды. Оның майлылығыда, өнімділігі де өте жақсы болып келеді. Күнбағысты жинау науқанын 9 қазан күні бастадық.Қазір ауа райын пайдаланып  күні-түні жұмыс ітеп жатырмыз.

Серіктестіктің техника паркі де жақсы.Голландия, Италиядан замануи техникалар алғызған.  Мамандардың сөзінше, Голландиялық комбайндар Қазақстанда тек санаулы ғана. Серіктестікте 170 адам жұмыс істейді. Олардың екеуі жас маман. Асылхан Ақпанов Көкшетау қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы гуманитарлық университетті биыл  тәмәмдап, қазір аталмыш серіктестікте агроном болып жұмыс істейді. Орташа еңбекақысы айына 250мың теңге.

АСЫЛХАН АҚПАНОВ, АГРОНОМ:

- Бұл жерге мен сәуір айында жұмыс істеуге келдім. Бастапқыда тек көмекші ретінде жүрдім.Дипломымды қолыма алысымен, мені агроном етіп тағайындады. Жұмысыма дән ризамын.

Серіктестік директорының айтуынша, оларға күнбағысты кептіру қиындыққа түседі екен. біздің өңірде кептіруге жағдай қарастырылмағандықтан, басқа өңірлерге апаруларына тура  келеді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...