ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

АҚЖАРҒА 19 ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛДІ

15:01, 12 маусым 2019

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында Ақжар ауданына жыл басынан 19 отбасы көшіп келді. Соның ішінде 3 отбасы Май ауылында тұрып жатыр.Барлығы да бүгінгі таңда баспанамен және жұмыспен қамтылған. Жер жалға алып, бау-бақша егіп жатқандар да баршылық. Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударғандармен арнамыздың түсірілім тобы да атнысып қайтты.

Төрехан Омаров Өзбекстан мемлекетінен Қазақстанға 2003 жылы көшіп келген. Ең алдымен ол Түркістан облысында тұрған. Алайда ол жақта жұмыс болмай Төрехан ата өз отбасымен 2017 жылы Уалиханов ауданына қоныс аударады. Ол жақта да егіншілікпен айналысқан. Бірақ, су болмай еккендері жеміс бермепті. Сөйтіп, Төрехан Омаров Қостанай облысына кеткен. Өкінішке орай үміті мұнда да ақталмай, қайтадан Солтүстіктің Ақжар ауданына қызы, күйеубаласы және немерелерімен келген. Атаның айтуынша мұнда жеміс пен көкөніс егу үшін барлық жағдай жасалған, топырақ құнарлы және суы мол дейді.  

ТӨРЕХАН ОМАРОВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- 5 гектар жерге сәбіз, помидор, свекла, огурец, арбыз, дыня және тыква егіп жатырмыз. Капельный расширения қылып жатырмыз. 2,5 гектар сәбіз, 1,5 свекла, 50 соток помидор, қалғандарына арбуз, қауын,асқабақ. Қауын мен барбызды мен Ташкенттен алыпк елдім. 60 күнде пісуі керек.Жақсы болса келесі жылы гектарлап егемін.

Қызы үй шаруасында бала күтімімен айналысса, күйеубаласы жергілікті кәсіпкерде жұмыс жасайды. Май ауылына келісімен олар  баспана сатып алған. Төрехан атаның ендігі жоспары қарбыз бен қауынды гектарлап егіп, Петропавл мен Көкшетауға сату. Қазіргі кезде ұңғыманың көмегімен суарып жатыр. Айтуынша, аудан басшылығы келер жылы су тартылады деп уәде етіпті.

ЕРБОЛ ШУРМАНОВ, МАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Үкіметтен қаржы бөлініп жатыр, ендігі жылы су болады деп үміттеніп отырмыз. Республикалық бюджеттен 25 млн-дай ақша бөлінді. Жақында жұмысшылар келіп жұмыстар басталады деп жоспарлап отырмыз. Су құбыры тартылмақ. Әр үйде су болады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында Ақжар ауданына 2016 жылдан бері 84 отбасы  450 адам қоныс аударған.

БАУЫРЖАН БАРЖАНОВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А:

Жыл басынан бері біздің ауданға 19 отбасы 71 адам көшіп келді. Олардың барлығына субсидия төленіп, жұмыспен қамтылды. Май ауылына өткен жылы 1 ал осы жылы 2 отбасы қоныс аударды. Балалар мектепке, балабақшаға орналастырылды.

Одан басқа қыркүйек айына дейін Ақжар ауданына тағы да 15 үйелменді көшіру жоспарда бар.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...