ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

АЛАЯҚТАРҒА ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ

18:02, 10 қыркүйек 2019

Петропавлдық полицейлер бірнеше адамды сан соқтырып кеткен  алаяқтарға іздеу жариялады. Жақында бірден үш егде жастағы әйел тәртіп сақшыларына  алдаудың құрбаны болғандығы туралы шағым түсіріпті. Толығырақ полиция департаментінің бейнематериалында.

Алаяқтардың қармағына іліккендердің бірі 80 жастағы зейнеткер. Ол телефон арқылы хабарласқан бейтаныс әйелге алданып қалған. Алаяқ қоңырау шалып Ресейде туыстарының бар жоғын сұрап, кейін солардың өтініші бойынша хабарласып тұрғанын  және олардың ақшадан қысылып көмек сұрап жатқандығын айтқан. Шеттегі туысқандарына жаны ашыған  қала тұрғыны,қаржылай көмектесуге келісіп, ағайынына  барып береді деген сеніммен  бейтаныс адамға 50 мың теңгені өзі қолымен ұстатқан.  Кейіннен Ресейдегі туыстарына хабарласқанда ғана  алданғанын түсініпті.  

Үйге кіріп, аяқ киімдердің, күртелердің ілініп тұрғанын көрді. Тіпті қорыққан да жоқ. Ал мен күмәндәнбастан 10мыңдықтан-5еу бердім. Ақшаны алды да кетті.

-Сіз оның артынан терезеден қараған жоқсыз ба?

-Жоқ. Мен оны алаяқ деп ойлаған жоқпын. 

Алаяқтарға алданғандардың бірі 77 жастағы өңір тұрғыны. Бейтаныс адамның өтініші бойынша жиған-терген 500мың теңгеден астам ақшасын қарызға берген. Мамандар жұртты сан сақтырып жүргендер,  адамдармен тез тіл табыса алады , олар мықты психологтар деп отыр. Бүгінгі күні полицейлер  ұрыларды ұстау үшін барлық шараларды қабылдауда. Осы қылмысты ашуға Петропавл қаласының ІІБ жеке құрамы жұмылдырылған.

ДАНИЯР ҒАЛИАҚПАРОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Жыл басынан бері СҚО-да 307 алаяқтық фактісі тіркелген. Оның 174-іне байланысты тергеу аяқталды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар