ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

АЛҒАШҚЫ КӨКТАЙҒАҚТЫҢ САЛДАРЫ

17:21, 29 қазан 2020

Петропавлда алғашқы көктайғақтың зардабын тартқандар бар. Өткен аптада ауруханаға  бір тәулікте ғана 60 адам түрлі жарақатпен қабылданған. Ал кеше көшедегі көк мұздан 3 адам тобығын сындырып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді.  

Мамандардың айтуынша, көктайғақтан зардап шегушілердің жарақаттары ұқсас. Олардың негізінен тобығы не иығы шығады, мертіккендердің арасында сүйегін сындыратындар да көп. Мәселен былтыр көктайғақ 2 аптаға дейін созылып, дәрігерлер тәулігіне 100-ден астам адамға медициналық көмек көрсетіп келген.

ВАЛЕРИЙ ГРИБАШОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ  КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ЖАРАҚАТ ПУНКТІ МЕҢГЕРУШІСІ:

- 23 қазан алғашқы қар жауып қатқақ болған күні бізге бір тәулікте 60 адам қаралуға келді. Оның 52-сі көшеде құлап жарақаттанған. Жарақаттардың көбі тобық пен иықтың шығып сынулары. Өткен жылы көше жарақаттары көп болды. Түрлі ашық сынықтарға ота жасаған жағдайлар да болды.

Дәрігерлер көктайғақта  қарт адамдарға далаға шықпауларын ескертеді. Өйткені егде жастағылардың кейін аяққа тұрып кетуіне ұзақ уақыт керек екен.

ВАЛЕРИЙ ГРИБАШОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ  КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ЖАРАҚАТ ПУНКТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Көбіне адамдарға асықпаңыздар деймін. Жарақаттың көбі осы асығып жүргеннен болып жатады. Қолайлы аяқ киім киіңіздер. Қарт адамдарға қатқақ күндері далаға шықпауларын ескертеміз. Айталық өткен жылы бір қарт әжей итіне азық алу үшін дүкенге шығып тобығын сындырып алды. Сондықтан абай болыңыздар.

Құбылмалы ауа райы көктайғаққа әкеледі. Сондықтан мұндай күндері  абай болған жөн.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

78 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:40, 23 қараша 2020
78 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
20:36, 23 қараша 2020
АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМНАН АЛЫНДЫ
17:19, 23 қараша 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМНАН АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...