ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІК

15:07, 15 сәуір 2019

Сәуірдің 13-і – Петропавлда алғашқы жалпықалалық сенбілік өтті. Қала тұрғындары ыңғайлы киімдерін киіп, қолдарына тырнауыш пен сыпырғыштарын алып көшеге шықты. Биылғы алғашқы қайырымдылық сенбілігіне  петропавлдықтар белсене қатысып,  облыс орталығының көшелері мен саябақтарын қоқыстан тазартты.

Қар ерігесін, қыс бойы жиналып қалған  қоқыс облыс орталығының кейпін бұзады.  Петропавлдың көшелері мен аулаларын жинап, өз үлесін қосу үшін, түрлі мекеме қызметкерлер, студенттер, тіпті балалар да шықты. Қаланың тазалығы мен аббаттандырылуы үшін жауап беретін  «Коммунхоз» мекемесінің жұмыс ауқымы өте үлкен. Сәтпаев көшесіне таң сәріден техника шығып,  жұмысшылар ескі, қураған ағаштарды кесті. Бұл жерлерге жақында көшет егілмек.     

СЕРГЕЙ АДАМОВ, «КОММУНХОЗ» ЖШС МАМАНЫ:

- Ағаш бұталарын жүк машинаға артып отырмыз. Басқа мамандар қураған ашаштарды кесіп отырады. Осылайша Сәтпаев көшесінің бойымен жүріп, жерге түскен бұлаларды жинаймыз. 

Қураған ағаштардың орнына пирамида тәріздес теректердің көшеттері отырғызылады. Қожаберген жырау атындағы №6 меткептің оқушылары да қаланың тазалығына өз үлесін қосты.

СЫМБАТ ҚАЖЫҒАЛИ, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ №6 МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ 

Көпқабатты үйлердің тұрғындары бұл күні ортақ іске жұмыла кірісіп, аулаларын тазартты.  Олар қоқысты шығарып, ағаштардың түбін әктеп, ойын алаңдарын сырлап жатты.  

ГҮЛНАРА КӘРІБАЕВА,  «МИГ СКО» ПИК ТӨРАҒАСЫ:

- Ересектермен бірге сенбілікке балалардың да белсене қатысқандары қуантады. Бұл ата-ана тәрбиесінің көрсеткіші. Олар футбол алаңдарын жинап, қоқыстан тазартты. 80-нің сеңгірінен асқан зейнеткерлер де ортақ істен тыс қалған жоқ. Түрлі себеппен келе алмағандар материалдық қолдау білдіріп, әк, сыр, сыпырғыш сатып алып берді.

Бұл күні қаланың әр жерінде бағдаршамдарды ,жол жиектерді сырлағанын,  аялдамалар мен жарнама тақтайшаларын қалыпқа келтіріліп жатқандығын көрдік. Осылайша алғашқы жалпықалалық сенбілік нәтижелі өтті деуге болады.  Облыс орталығын тазарту шаралары әлі де жалғасын табады. 

Анастасия ДРОНЯК

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ
17:53, 25 сәуір 2019
ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...