ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

«АЛҚАП КҮНІ»

13:02, 11 шілде 2019

«Август – Қазақстан» ЖШС-нің ұйымдастыруымен облыста екінші жыл қатарынан алқап күні атап өтті. Жамбыл ауданына қарасты Баян ауылында ұйымдастырылған жиынға республика бойынша 250-ден астам агроқұрылымдардың басшылары мен жетекшілері қатысып, «Август – Қазақстан» компаниясы ұсынған минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы арнайы дәрілердің  жаңа түрлерімен танысты. Оған қоса аграрийлер өзара тәжірибе алмасып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды. Сондай – ақ бұл күні шетелден әкелінген су жаңа техникалар таныстырылып, жиналғандарға олардың жұмыс істеу процесі көрсетілді. Әріптесім Нұрсұлтан Тілектесов рет – ретімен баяндасын.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

Бүгін еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған 400-ге жуық фермер мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары бір-бірімен пікір алмасуда. Оларға «Август – Қазақстан» ЖШС мамандары минералды тыңайтқыштарды қолданудың тиімді тәсілдерін үйретіп, өздерінің кеңестерін беруде. Мақсат ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін еселеп, агроқұрылымдардың әлеуетін арттыру.

Алдымен жиналғандар рапс егілген алқапқа аялдады. Мұнда оларды Қостанайдан келген менеджер технологтар күтіп алып, майлы дақылдың өсіп өнуі үшін қолданылған минералды тыңайтқыштар және зиянкестерге қарсы препараттардың құрамымен таныстырды.

СЕРГЕЙ КНЯЗОВ , АВГУСТ – ҚАЗАҚСТАН» ЖШС ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕНЕДЖЕР ТЕХНОЛОГІ:

Бүгін фермерлерге біздің өнімімізді көрсетікіміз келеді. Қазіргі таңда диқандардың  басым бөлігі майлы дақылдарды егуге көшкен. Өйткені сыртқы нарықта оларға сұраныс жоғары. Дегенмен аграрийлердің басым бөлігі оларды түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғаулдың тиімді тәсілдерін біле бермейді.

Ал аумағы 195 гектарды алып жатқан мына алқапқа күнбағыс егілген. Уақытылы қажетті тыңайтқыш және дәрумендермен өңделген өсімдік жайқалып өсіп тұр. Осыдан бір апта бұрын ғана табу, гербицид, миура сынды зиянкестерге қарсы түрлі препараттар себіліпті. Одан соң әр аймақтан жиналған агрономдар мен фермелер зығыр, бидай, жасымық егілген алқаптарды аралады. Ресейлік «Август» компаниясы Қазақстанда осымен 12 жыл өз жұмысын жүргізіп келеді. Әр аймақта филиалдары орналасқан. Бүгінде компания өсімдіктерді зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғайтын перепараттардың сан алуан түрін шығарады. Мысалы пестицидтерді өндіру және жеткізу бойынша соңғы үш маусымның нәтижелеріне сәйкес еліміздегі аса ірі бес компанияның қатарына енді.

РИШАТ ЗАКИРОВ, «АВГУСТ – ҚАЗАҚСТАН» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Біз екінші жыл қатарынан осы алқап күнін өткізіп отырмыз. Шаруаларға өздеріміздің технологияларымызды көрсеткіміз келеді. Бүкіл республика бойынша клиеттеріміз бар. 15 дистрибютер жұмыс істейді ел көлемінде. Бірге жұмыс істейтін серіктестк басшылары риза. Олардың сөзінше өнім көлемі артып келе жатыр

Август компаниясымен жұмыс істеу фермерлерге өте тиімді. Өйткені өнімдерді несиеге де алуға болады. Яғни ақысын бөліп төлеуге мүмкіндік бар. Аграрийлер бас қосқан шарада техника тасымалдаушы Павлодарлық СТ агро компаниясы өздерінің жаңа тракторлары мен минералды тыңайтқыштарды және зиянкестерге қарсы препараттарды себетін техникалырын таныстырды.

Сондай-ақ бұл күні «Навистар Азия» компаниясы шетелден әкелінген заманауи технологияларын көрмеге қойды. Мысалы мына агродронның көмегімен егістік алқаптарынан әуеден бақылауға болады.

РУСЛАН ЖАҒЫПАРОВ, «НАВИСТАР АЗИЯ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

- Бұл құрылғының көмегімен біз аэро фото түсірілімдер ала аламыз. Бейненің анықтығы 2 см пикселді құрайды. Нәтижесінде алқыптың жағдайын қашықтықта отырып-ақ бақылай аламыз.

Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған фермерлер арасында түрлі ұтыс ойындары ойнатылды.

НұрсұлтанТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...