ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ

15:07, 21 мамыр 2019

Сайлаудың әділ және ашық өтуін республикада құрылған «Аманат» азаматтық платформасы да бақылайды. Ұйымның Петропавл қаласындағы  ФИЛИАЛЫ журналистерге баспасөз-конференциясын өткізіп, өз қызметі жайында айтып берді.  

Теңдік, Саналы таңдау, әділдік, келісім мен сенім. Сайлауға бақылау жүргізу жөніндегі  «Аманат» азаматтық платформасы Президенттікке сайлау науқанына мониторинг жасап, 5 негізгі талап бойынша қадағалап отырады. Платформаға еш бір партияға  тіркелмеген, азаматтық белсенділігі жоғары кез келген азамат қатыса алады.   

ШЫҢҒЫС ЛЕПСІБАЕВ, «АМАНАТ» АЗАМАТТЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ КӨШБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Басты мақсатымыз, барлық өңірлерде бақылаушыларды дайындауымыз қажет. Бүгінгі жиынға өңірдің әр ауданынан белсенділер келіп, семинарға қатысты. Бақылаушыларға қойылатын басты талап, еш бір партияның құрамына тіркелмеген белсенді азамат болуы қажет. Бір айта кететіні, өтініш білдіргендердің арасында журналистер көп. 

Тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында азаматтық платформа мүшелері әлеуметтік желілерде  атқарған қызметтері жайында есеп береді.  

ЖАНАТ МҰХАМЕТЖАНОВ, «АМАНАТ» АЗАМАТТЫҚ ПЛАТФОРМАНЫҢ СҚОФ МҮШЕСІ:

- Барлық аудандарда мобильді капитандар дайындалып жатыр. Сайлауды ашық та әділ жүргізілуіне мониторинг жүргіземіз. Бас прокуратурамен, Жоғарғы сот, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым атынаста жұмыс жасап жатырмыз.

Қоғамдық ұйым сайлауға алғаш рет қатысқалы жатқан азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіретін  арнайы семинарлар да ұйымдастырмақшы. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар