ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

«АНАНЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ»

17:56, 10 қаңтар 2019

Әлемді жақсартуға әркім өз үлесін қоса алады. Жерлес жастардан құрылған еріктілер тобы бұны кезекті  рет дәлелдеді. 2015 жылдан бері бұл қыз жігіттер көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, мерекелерде көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.  Осындай қайырымдылық акциялардың бірі жуырда өткізіліп, «Аяз атаға хат» деп аталды.  

Жүрегі жылы, қолы ашық адамдар ғана өзгенің мәселесіне бей жай қарамай, мүмкіндігінше көмек береді. «Ананың ыстық алақаны» қайырымдылық тобының мүшелерін осындай жандар екенін сеніммен айтуға болады. 2015 жылы құрылған ұйым  қол қусырып отырмайды. Әрдайым демеушілерді іздеп, мұқтаждарға көмек беріп келеді.  

ТАТЬЯНА СИЛИНСКАЯ,  «ДОБРО ИЗ МАМИНЫХ РУК» ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Негізінен балалар үймен жұмыс істейміз. Мерекелерде сыйлықтарымызды алып барамыз. Балалардың көңіл күйін көтеру үшін аниматорларды, фото суретшілерді шақырамыз. Өмірінің қиын жағдайында қалған бұл бүлдіршіндердің шат күлкісін есту біз үшін бақыт.

Жастар командасы әлеуметтік желілерді пайдаланып өз істерін жария етеді. Негізгі мақсатты: жұртшылық арасында танылу емес, өз тәжірибелерін басқаларға үлгі етіп, жақсылық жасауға шақыру дейді олар. Бүгінге дейін ондаған отбасы олардың қамқорлығын сезінді. Айталық жуырда еріктілер «Аяз атаға хат» акциясын ұйымдастырып, балақайлардың армандарын орындады.  

НАТАЛЬЯ ПИГАЛЕВА, «ДОБРО ИЗ МАМИНЫХ РУК» ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересек адамдар бізге хат жолдап, өз тілектерін білдіреді. Біз мүмкіндігіміз келгенше олардың армандарын орындауға тырысамыз. Қажет жағдайда демеушілерді шақырамыз. Мереке алдында әрқайсысының үйіне барып сыйлық береміз.

Бір қуантарлығы қайырымдылық тобының игі ісін кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым тұрғындар да қолдап, өз үлестерін қосып жатыр.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

БАСТЫ МАҚСАТ – ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ
21:12, 17 қаңтар 2019
БАСТЫ МАҚСАТ – ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...