ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БИЫЛ КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАН Толығырақ

АПАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ МАМАНДАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

20:50, 11 шілде 2018

Петропавлда мұнай құбыры жарылды. Апаттың кесірінен  жанар-жағармай Есіл өзеніне төгілді. Желілік-өндірістік диспетчерлік станцияның алаңында өткен оқу-жаттығуға 20-дан аса техника мен 50 маман жұмылдырылды.  Қауіптің бетін апаттық қызметтің мамандары қалай қайтарғаны жайында келесі материалда.

Ресейлік «Транснефть» компаниясының мұнай құбыры  Омбы қаласынан басталып, Уфаға дейін жетеді. Ал өңірімізде ол бес аудан арқылы өтіп, 226 шақырымға созылып жатыр. Дизельді ағынның дұрыс жұмыс істеуі желілік өндірістік диспетчерлік станцияның қызметкерлері тарапынан үнемі қадағаланады. Сценарий желісі бойынша арнайы құрал құбырдағы қысымның төмендегенін көрсетті. Бұл – оның жарылғанының белгісі.

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС  БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біз үнемі осындай оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп тұрамыз. Себебі қоршаған ортаны ластанудан қорғауымыз қажет. Егер де апаттық жағдай бола қалса, оның алдын-алу білуіміз қажет.

Құтқару жұмыстары барысында экологтар төтенше жағдайдың түрлі кезеңдерінде ластау деңгейін зерттеу үшін 3 сұйықтық үлгілерін жүргізеді. Су бетіндегі дизель пленкасы вакуумдық қондырғысы бар арнайы машинаның көмегімен жиналады. Оқиғаның салдарын жоюға жалпы 4 сағат жұмсалады. Осы уақыт аралығында  мұнай құбырының екі аланында бекіткіштер жабылады.

ЖАНАТ БІРІМЖАНОВ, «ПЕТРОПАВЛ» ЖӨДС ЖЕТЕКШСІ:

- Сағат 16-00 де диспетчерлік станцияның кезекші пультына дабыл келіп түсті.Апаттық бригада оқиға болған орынға шығып, мұнай өнімдерін жинау бойынша жұмыстарды  бастады.

Оқу-жаттығу жұмыстарына 50 адам және 20 бірлік техника жұмылдырылды.Олардың арасында СЭС, ІІД, медициналық көмек көрсету және өрт сөндіру мамандары бар. Мұндай ауқымды профилактикалық іс-шаралар мұнай құбырының түрлі алаңдарында жыл сайын өткізіледі. Аталған желі 1956 жылы салынғаның ескерген жөн. Осы жылдар аралығында бірде бір апаттық жағдайдың болмағаны қуантады. Соңғы рет жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген. 

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН  ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
17:52, 20 ақпан 2019
АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПРОКУРОРЛАРДЫҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН ЕСІРТКІ САУДАЛАП КЕЛГЕН САЙТ ЖАБЫЛДЫ
20:36, 19 ақпан 2019
ПРОКУРОРЛАРДЫҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН ЕСІРТКІ САУДАЛАП КЕЛГЕН САЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18:33, 15 ақпан 2019
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...