ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ Толығырақ

АПТАП ЫСТЫҚТА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

17:59, 18 шілде 2019

Осы күнге дейін жаңбырдан көз ашпаған қала тұрғындары аптап ыстықтың әр сәтін тиімді пайдаланып қалуға тырысуда. Алайда қан қысымы жоғары жандарға ыстық қалай әсер етеді, жедел жәрдемге түсетін қоңыраулар көбейді ме, тілшіміз тарқатсын.

Өткен демалыс күндері жағажайлар мен өзен-көлдердің жағалауларында ине шаншар жер болмады. Көптен күткен аптап ыстыққа қыздырынып, суға түсуге мүмкіндік алғандар қатары қалың.

-  Ыстық әрине ұнайды. Соңғы күндері жазды сезініп жатырмыз.35-37 градуста көл басына барып, қыздырынып жүрміз. Жақсы болды.

- Қан қысымым көтеріліп, қант диабеті ауруым да сыр беруде. Үйде отыру мүмкін емес, сол себепті ыстық болса да көшеге шықтым, кішкене де болсын жел бар ғой әйтеуір.

- Күннің ыстық болғаны жақсы. Мұндайда көбірек су ішу керек.

Ауа температурасының көтерілгеніне қарамастан жедел жәрдем қызметі әдеттегінше жұмыс істеуде. Алайда созылмалы аурулары мен қан қысымы бар қарттардан шақыртулар жиі түсетін болыпты.

АЛЬФИЯ ГАЙФУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ДӘРІГЕРІ:

- Егде жастағылар саяжайларда көп жұмыс істейді. Сол жерлерге шақыртулар келеді, бұл жыл сайын қайталанатын құбылыс. Көп зейнеткерлер телефон арқылы ақыл-кеңес сұрап жатады. Әсіресе күн ыстықта қан қысымы төмендеп, жүрек-қан тамырлары аурулары сыр береді.

Дәрігерлер жаз айларында күн астында көп жүрмеуге кеңес береді. Бас киім киіп, көбірек су ішу қажет.

Самат САПАРАЛ

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛДЫ
18:00, 24 қаңтар 2020
БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
17:58, 24 қаңтар 2020
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН 224 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:05, 24 қаңтар 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН 224 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...