ШҰҒЫЛ! ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖИЫНЫ

20:40, 18 қыркүйек 2019

Халықаралық қарттар күніне әзірлік қандай?  Осы және тағы да басқа сұрақтар бүгінгі СҚО ардагерлер кеңесінің призидиумының кеңейтілген отырысында талқыланды. Аймақ ақсақалдарының бірінші жартыжылдықта атқарған  жұмыстары туралы  келесі бейнематериалда. 

Тұрақты комиссия өкілдері Есіл ауданына іссапармен барып, аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысымен танысты. Жастар жылына орай кеңес мүшелері ауданның соғыс және еңбек ардагерлерін, атақты спортшылар мен саясаткерлерін  үлгі ете отыра  өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге аса қатты көңіл бөлген. 

СӘУЛЕ ТАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз ауданның жаңа мұражайына, енді ашылғалы тұрған тарихи-өлкетану музейіне бардық. Бұл мұражайдың 2 залы республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақтай Сағдиевке арналған. Заречный ауылдық округінде ардагерлер, зейнеткерлер, жастар жиналып іс-шаралар өткізе алатын демалыс орталығына да бардық.

Сондай-ақ жиында ардагерлер мен жастар ұйымдарының бірлеса атқаратын жұмыс жоспарлары туралы да сөз болды. Биыл  жастар жылына орай жастар саясаты мәселелері  басқармасының  өкілдері өскелең ұрпақты қолдау мақсатында бірқатар жобалар іске  асырыпты. Шара аясында 500ге жуық өңір жасы жұмыспен қамтылған.

ИРИНА ТУХВАТУЛИНА, СҚО ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Осы жылдың 1 қаңтарында 363 адам бағдарлама арқылы елді мекендерге жұмыс істеуге кетті. Оларға шамамен 200 мың теңге көтерме ақы берілді. Ал 199 адам тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін несие алды.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар өңірімізде  халықаралық қарттар күнін атап өту  мәселелерін де талқылады. 1 қазаннан бастап қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды  қолдау айлығының салтанатты ашылуы басталады. Шара аясында  мерекелік кездесулер, ардагерлердің үйлеріне барып  оларға материалдық көмек көрсету жоспарланған.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ІС-ҚАҒАЗДАР   94% ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
13:04, 17 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ІС-ҚАҒАЗДАР 94% ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...