ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛЕДІ Толығырақ

«АРДАГЕРЛЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢ ҚАБЫЛДАНАДЫ

20:38, 13 ақпан 2020

Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен   ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов келді. Ол жұмыс барысында ардагерлер кеңесінің мүшелерімен де жүздесті. Жиында  «Ардагерлер туралы»   заң жобасын жіліктеп түсіндіріп берді. Петропавлдық ардагерлер де өздеріне қатысты құжатта ұсыныстарын айтты. Әріптесім Нұрбол Балғабеков сөз алады.

Қалалық мәслихатта өткен жиынға облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, интернационал жауынгерлер мен Чернобыль мен   Семейдегі  апат салдарын жоюшылар жиналды. Енді ауғандық жауынгерлер Қазақстандағы соғыс ардагерлері мәртебесін алады. Сонымен қатар, бұл санатқа басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер де өтеді. Сондай-ақ, Чернобыль апатын жоюға қатысқан адамдардың мемлекеттік жәрдемақы мөлшері екі есеге артпақ.

ЕРЛАН ӘУКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- «Мәжілісте «Ардагерлер туралы» заң 10-жыл бойы қаралды. Біз бұл жобаны Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырысымен өткен жылдың күзінде әзірледік. Кейін осы жылдың қаңтар айында тағы да өзгертулер енгіздік. Бұндай заң елімізде бұрын соңды қабылданбаған. Жаңа заң жобасы аясында  әлеуметтік қорғалатын 5 санатты анықтау көзделіп отыр.»

Сондай-ақ, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері санатына Ауған жауынгерлерінен бөлек, 1992 жылдан бастап 2001 жылға дейінгі кезеңде тәжік-ауған шекарасында ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейтуге, 1968 жылы Чехославакиядағы жанжалды реттеуге қатысқан азаматтарды, сондай-ақ, Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқан ұлттық контингентті қосу жоспарланып отыр. Бірақ, Семей ядролық сынағының зардабын тартушы азаматтар назардан тыс қалып жатыр.

АСХАТ ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, «СҚО СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

«Семей ерекше жазылу керек. Қазақстан 30-жыл бұрын  егемендік алды. Бүкіл басшыларымыз сөйледі.Біз ядроны жойдық деп. Почему сол законға кірмеске?»

ЕРЛАН ӘУКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

«Біз бұл мәселені 3 жыл бұрын зерттей бастадық. Алдағы уақытта біртіндеп шешетін боламыз. Ешкім назардан тыс қалмауы қажет.»

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтың сөзінше жаңа заң сәуір айында қабылданбақ.Ұлы жеңістің 75-жылдығына дейін міндетті түрде жүзеге асырылады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

1 МАУСЫМНАН БАСТАП БЛОК-БЕКЕТТЕР АЛЫНДЫ
13:05, 1 маусым 2020
1 МАУСЫМНАН БАСТАП БЛОК-БЕКЕТТЕР АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар