ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ БӘСЕҢДЕМЕЙ ОТЫР Толығырақ

АРҚАНЫ КЕҢГЕ САЛУҒА БОЛМАЙДЫ

17:23, 26 наурыз 2020

Эпидемиолог дәрігерлер қауіпті вирусты жұқтырып алмас үшін маска киіп, оны әр 3 сағат сайын ауыстырып отыруға, қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртуге кеңес береді.  Өңір басшысы да қоғамдық орындарда санитарлық іс-шараларды күшейтуді тапсырған еді. Петропавл тұрғындары бұл кеңестерге қаншалықты құлақ асып, орындайды?. Арна тілшілері анықтап көрді.

Бұл - Петропавлдың ірі сауда үйлерінің бірі. Мұнда қашан барсаң да, адам көп. Байқағанымыз тұтынушылардың көпшілігі сақтансаң сақтайды деген қағиданы ұстанып, маска киіп жүр. Алайда арқаны кеңге салып жүргендер де баршылық.

- Біз қаланың сыртында тұрамыз. Үйде әрине берпердесіз  жүреміз. Қалаға, сауда орындарға, базарға шыққанда ғана маска мен резеңке қолғап киеміз. Бұл қазіргі жағдайда қалыпты нәрсе. Мүмкіндігімізше сақтануымыз керек қой.

- Мен қорықпаймын. Ауырып жүрген ешкім жоқ қой.

- Әр адам киіп жүруі керек. Онсыз оң нәтиже болмайды.

- Әрине маска киіп жүру керек. Алайда қаланың бірнеше дәріханасын аралап, медициналық маска таба алмадым.

Супермаркет Төтенше жағдайға байланысты жұмысына біраз өзгеріс енгізген. Біріншіден санитарлы шараларды  күшейткен. Сағат сайын залдарда залалсыздандыру жүргізіледі екен. Әрі, жұмысшылардың барлығы маска киген.          

ІЛИЯС ИЛАН, САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Кіреберісте келушілер үшін антисептиктер іліп, зарарсыздандырғыш кілемше төседік. Дүкен арбалары үнемі дезинфекцияланады.  Кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін қапталған күйде ғана сатамыз. Жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен қамтылып, күнде таңертең келгенде олардың дене қызуы өлшенеді.

Жоғары сұранысқа байланысты дәріханалардан бетперде табу қиынға соққан. Осыған байланысты жергілікті тігін цехтары күнделікті жұмыстарын ысырып, жаңа өнім шығаруға көшті.

ӘЛИЯ БАШЕЕВА,  ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінге дейін фабрикамыз  5 мың дана бетперде тігіп үлгерді. Барлық өнім таза мақта матадан тігіледі, дизайны да ерекше.  Әуелі қаланың ірі кәсіпорындарынан тапсырыс алып, оларды көпреттік маскалармен қамтыдық. Кейін қалалық дәріханалар желісімен де жұмыс істей бастадық. 

Фабрика директорының айтуынша, көп ұзамай Өзбекстаннан арнайы тапсырыспен мата  жеткізілген соң, тігін фабрикасы тағы 15 мың дана маска  тігіп, саудаға шығарады.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
17:24, 9 шілде 2020
МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ БІРДЕН 3 АЙҒА ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
17:23, 9 шілде 2020
ӨҢІР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 21 ЖҰМЫСШЫ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...