ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

АРЫҚТАР ТАЗАЛАНДЫ

18:05, 5 қараша 2019

Көктемде қала көшелерін еріген қар суы басып кетпеуі үшін күзде алдын алу шаралары басталды.  «Тазартқыш, су бұрғыш және су өткізу нысандары»  мекемесі  қаланың суағарларын тазартуға бір айдан астам уақыт жұмсады. Маусымдық жұмыс қыркүйектің соңында  басталып, қазір 95 пайызға дейін атқарылды.  

Жұмысқа 4 апаттық бригаданың 30 жұмысшысы мен 6 арнайы техника жұмылдырылды. Жабық суағарларға қарағанда, ашық арықтар қоқыс пен қураған жапырақтарға толы. Көп жағдайда, жеке сектор тұрғындары пештің күлін, қоқысты төгіп, өздері ластайтын көрінеді.  

ПАВЕЛ БУЛАЕВ, «ТАЗАРТҚЫШ, СУ БҰРҒЫШ ЖӘНЕ СУ ӨТКІЗУ НЫСАНДАРЫ» МКК ЖЕТЕКШІСІ:

- Шара қолдана алмаймыз. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Өйткені үйлердің қасындағы арық қоқысқа толы болса, көктемде еріген қар суы үйлерін басуы мүмкін. Әдетте суағарларды жылына екі рет, көктем мен күзде тазартамыз. Биылғы жұмысымыз бірер күнде аяқталмақ. 

 

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
20:55, 14 қараша 2019
СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...