ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

АРЫСҚА КӨМЕК

13:32, 1 шілде 2019

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов бастаған делегация Арыстағы ағайынға өз көмегін ұсынып, жәрдем беру үшін  жетті. Облыс әкімі жергілікті тұрғындардың қал жағдайларын сұрап,   жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.  Бұл жайында Құмар Ақсақалов Facеbook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

 «Халқымыздың бірлігін паш ететін "асар жасау" жақсы дәстүрі бар. Қиын сәтте Арыстағы ағайынға көмектесу үшін Солтүстік Қазақстан облысы асарлатып, барды.  

Қазір Арыста тұрғын үйлер қалпына келтірілуде. Атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Қазір мұнда біздің облыстың шұғыл штабы жұмыс істеуде. Солтүстікқазақстандықтар бір үйдің баласындай бірігіп, риясыз көмектерін аямады. Теріскейден арыстықтарға 100 тоннадан аса гуманитарлы көмек келді. Арыс тұрғындарымен кездесіп, солтүстіктегі ағайынның сәлемін жеткіздім. Жан-жақты көмекке риза болған Арыс жамағаты солтүстікқазақстандықтарға алғыстарын айтып жатты, - деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік парақшасында.

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТОЛҒАТҚАН ӘЙЕЛДІ ПЕРЗЕНТХАНАҒА ЖЕТКІЗДІ
18:01, 22 тамыз 2019
ПОЛИЦЕЙЛЕР ТОЛҒАТҚАН ӘЙЕЛДІ ПЕРЗЕНТХАНАҒА ЖЕТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...