ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

АСЫЛТҰҚЫМДЫ ҚАЗАҚЫ ТАЗЫ АЗАЙЫП БАРАДЫ

20:45, 7 ақпан 2020

Ата жолын қуса игі. Экономикалық қиындықтардың салдарынан ұлттық құндұлықтарымыз назардан тыс қалғаны рас. Соның ішінде жеті қазынаның бірі саналатын тазы қастерленбей жатыр. Қазіргі таңда осы иттің тұқымы жойылудың аз-ақ алдында тұр дейді Есіл ауданынының тұрғыны Жалын Серікжан. Ұлттың жанашыры алдағы уақытта тазыны асылдандырып, оны саятшылыққа шығарып,  осылайша табиғи ерекшелігіміз  қалпына келтіруді армандайды. Соған жетудің қам-қарекетімен жүр. 

Жақсы бапталғандары қасқырды да алады дейді. 

«Ұшқыр»- дың үргенін бір көрмедім. Бөтендерден қашқақтайды. Бұл тазының құлағы ұзын, шашақты келген. Жаңарсыннның айтуынша, ортаға тез бейімделгіш. Қолға жылдам үйретіледі. Ылғи иесінің қас пен қабағын аңдып, адаммен түсінісетін қабілеті бар екен.

ЖАҢАРСЫН БАҚЫТ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл қазақи тазы.  Аты «Ұшар». Әлі бір жасқа толмаған ит. Аңға түспеген. Шашақты тазы. Бұның тұқымы құруға шақ қалды.  Осы ауылдағылар ұстап жатыр. 

- Бойшаң келген, тұмсығы үшкір , сергек. Адамға адал серік, малға жақын болады. 

- Сөйлей алмаса да адаммен жақсы түсінісіп тұрады. 

Негізі тазы қазақ үшін аса қастерлі. 7 қазынаның бірі саналады. Атамыз осы итті шашақты, құмай және тақыр тазы деп үш түрге бөледі. Қазіргі таңда аталған тұқымдар тым сиреген. Сондықтан Бірлік ауылының жігіттері қалталарынан ақша шығарып, тазыларды жан-жақтан арнайы тапсырыспен алдыртып жатыр.  Сондағы мақсат: асылдандырып, көбейту.

ЖАЛЫН СЕРІКЖАН, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Қаны алмасса, гені жақсарады, екінші жағынан дене жағынан мықты бола түседі.  Күші де көбейеді.  Жүйріктігі сынды түрлі қабілеті артады. Бұл да арлан секілді. Кез-келген итпен қосыла бермейді.  Өзіне ұнаған қаншығына көңілін білдіреді.

Тазылар ерекше күтімді қажет етеді. Азыққа талғампаз.  Қаңғырған иттер құсап, көшедегі көрінгенді аузына салмайды. 

ЖАҢАРСЫН БАҚЫТ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тазыны жылы жерде ұстау керек.  Жүні селдір болғандықтан суықтарда жаурай береді. Барынша таза тамақ беру керек.  Сонда ғана дұрыс жетіледі.  Қай-қайдағыны берсе өсуі тежеледі. Тазының мықтылары кәдімгі адам секілді, саятшылыққа шығар алдында жоспармен шығады.  Бір-біріне пас береді.  Сен ан жағынан шық мен блай бүйтейін деген сияқты. Иесі атқа қонғанда ол аңға шығатынын сезіп тұрады. Сол кезде тамақты көп жемейді. Бұл ит қансонарға өзі дайындалады. Жұмысың боп шықпай қалсаң, өз бетімен далаға кетіп, қоян, түлкі немесе елікті ұстап алып  келеді. 

Ашаршылық кезінде осы тазылар аң аулап, бүтін бір ауылды сақтап қалған. Қазіргі таңда қазақтың тазысы әлем елдеріне тарап кеткен. Жерлестеріміз  тұқымы асыл төрт аяқтыдан жуық арада айырылып қаламыз деп алаңдайды.  Тез арада тұқымын көбейтіп, мемлекеттік деңгейде патенттеп алу қажеттігін айтады.

ЖАЛЫН СЕРІКЖАН, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тазы құрып, жоғалып бара жатыр.  Бұны екі, үш адам, бір ауыл сақтап қала алмайды. Қазақтың намысты жігіттері, бүкіл мемлекет болып қолға алу керек.  Үндеуімді қабыл алған жігіттер тазы өсіруді қолға алып, ары қарай таратсын. Лайым, қазағым мәңгі қазақ болып қалсын! 

Қандастарымыз итті ешуақытта ақшаға сатпаған. Мойнындағы қарғы бауын беріп, тазыны сыйлаған. Қабылдаушы тарап адамның ризашылығы үшін қой, жылқы беріп тұрып алған екен. Алайда, бұл салт ұмыт болып қалды.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...