ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

«АТАМЕКЕН» ҰКП ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫ ЕСЕП БЕРДІ

17:55, 7 ақпан 2020

Өткен жылы «Бастау» бағдарламасы аясында 2,5 мыңға жуық солтүстікқазақстандық курсант өтіп, өз кәсібін ашуғамүмкіндік алды.  Кешенді жұмыс істеудің арқасында бизнес бастауға ниеті барлар қаржылай қолдауға да ие болады. Бүгін Кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы алғаш рет есептектік кездесу өткізіп, жыл бойы істеген жұмысымен таныстырды.

2019 жылы«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы 344 жобанын жүзеге асырылуына жәрдемдесті.   Аграрлы несиелік корпорация арқылы 24 жоба несиелендірілді,  жұмыспен қамту орталығы арқылы  кәсіп ашамын дегендерге 1887 грант берілді.

ӘСЕМГҮЛ НҰРМҰХАМЕТОВА, КӘСІПКЕР:

- Мен баламен декретте отырып, бизнеспен айналысуды ұйғардым. Ол үшін «Бастау» бағдарламасы бойынша курстан өтіп, жобамды қорғадым. Бұған дейін қызыма өзім киім кешек тігіп, оларды түрліше әсемдейтінмін. Осы істі қазір бизнеске айналдырып отырмын. Ал мемлекеттен берілген қайтарымсыз грантқа қажетті құрылғы сатып алып, өнімнің сапасын арттырдым.

Шұлық шығарумен айналысатын кәсіпкер Арамаис Тер-Аствацатурян қостанайлық серіктестігімен ортақ мәмілеге келе алмай істі сотқа дейін жеткізіп, палатаның көмегімен мәселе оң шешілді.

АРАМАИС ТЕР-АСТВАЦАТУРЯН, КӘСІПКЕР:

- Біз мемлекеттік сатып алуға қатысып, қостанайлық мекемелердің бірімен  келісім-шарт жасастық. Кейін өнімді жеткізіп болған соң, олар шағымдарын білдіре бастады. Алайда сатып алу талаптарында бұл шарт болған жоқ.  Қолдау іздеп Кәсіпкерлер Палатасына жүгіндім. Біз жас өндіріс борлған соң, бұрын соңды сотпен ісіміз болған жоқ. Бізге білікті заңгер көмектесіп, сот үкімі біздің пайдамызға шықты. 

Жергілікті тауар өндірушілер өз өнімін шетелдерде насихаттау үшін олар түрлі байқауларға қатыса алады. Осыған жұмсалатын шығынның жартысы өтеледі. Нәтижесінде  жергілікті өндіріс орындары шетелдік компаниялармен келісім орнатып, экпорттың үлесін арттырды. 2019 жыл бизнес субъектілері  үшін жағымды болды. Петропавлда  «Қызылжар» арнайы экономикалық аймақ құрылды.

ҚҰРАЛАЙ ЖАРОВА, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына жеңілдетілген салық және кеден төлемдері, жобаларды жүзеге асыру кезінде инфроқұрылымдардың шығынын азайтуға, шетелдік жұмысшыларды тарту үрдісін жеңілдетуге мүмкіндік бар. Қызылжар экономикалық аймақ арқылы өңірге 160 млрд астам теңге инвестиция тарту жоспарланған. Аймақ 25 жыл жұмыс істеп, 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылмақ. 

Мемлекеттің көмегімен кәсіпорындар өздеріне қажетті кадрларды өздері даярлай алатын болды. Қазір облыста 34 оқыту орталығы бар, оның 17-сі кәсіпорындарда ашылған.

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...