ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

20:36, 5 маусым 2019

Бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесінде көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер сұранысқа ие. Жалпы 21 мемлекеттік қызмет түрі халыққа қолжетімді. Жыл басынан облыс бойынша 564,5 млн теңгеге 3 мыңнан аса отбасыға көмек көрсетілген екен. Аталмыш жүйе қаншалыққа қол жетімді болды, ол туралы не білуіміз қажет? Әріптесім тарқатсын.

Атаулы әлеуметтік көмек - елімізде сұранысқа ие қызметтердің бір түрі. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Нұр Отан партиясының 18 съезінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекетті тағайындау мен төлеудің  жаңартылған критериясы қабылданды. АӘК 50 пайыздан 70 пайызға, яғни 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін өскен.

СЕРГЕЙ ЯКОВЕНКО, СҚО БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Сонымен қатар, АӘК алушы отбасындағы  әрбір кәмелетке толмаған балаҒА  бірыңғай көмектің мөлшері  бекітілді, бұл 20 789 тенге немесе ең төменгі күнкөрістің 70 пайызы. Келесі, жиынтық табыстың есептелу тәртібі өзгертілді. Көпбалалы отбасыларға арнайы мемлекеттік қызметтер  қарастырылды. мүгедек баласы бар отбасыға жәрдемақы, студенттерге степендия, ең бастысы АӘК  тағайындау электронды форматқа ауысып, біршама жеңілдетілді.

АӘК алудың жаңа механизмі бойынша отбасы немесе жеке тұлға мекен жайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына тек жеке куәлік пен жеке сәйкестендіру нөмірІМЕН жүгіне алады. Ал аудан тұрғындары, ауыл әкімінен бар ақпаратты алады. Немесе бұл рәсімді «е-Халық» жүйесі арқылы электронды түрде жүргізуге болады. Жалпы АӘК-ті жыл басынан 564 млн теңгеге 3253 отбасы 13 725 адамға көмек көрсетілген.

ОШАҚБАЙ СЕЙІТБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі уақытта 1159 отбасы АӘК қала бойынша көмек көрсетті. Ал қазіргі уақтта жұмыспен қамту бойынша 1 сәуірден бастап шамамен 100-ге жуық отбасылар әртүрлі жұмыспен қамту шаралары қолданылған. Оның ішінде әртүрлі шаралар қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту және мынау 3 айлық курсатар жіберіліп жатыр. Өйткенә АӘК негізгі мақсаты отбасы мүшелерін жұмысқа қабілетіне қарай, сроларды жұмыспен қамту болып табылады.

Көпбалалы аналардың табысын арттыру мақсатында уақытша әлеуметтік көмек қарастырылған. 4 немесе одан көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыға  5 айлық епетік көрсеткіш, яғни ай сайын 12 625 тенге төленіп отырады. Ал Алтын алқа немесе күміс алқа, 1 және 2 деңгейлі Ана даңқы атағы бар аналарға  бұл көрсеткіш екі есеге артық, яғни 25 250 теңгені құрайды. Бұл қаражат аналардың шағын бизнесін дамытуға жеткілікті дейді мамандар.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...