ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

АУДАН АЗАМАТЫ ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

20:35, 2 тамыз 2019

Ғ.Мүсірепов ауданының 46 жастағы азаматы і есірткі өткізді деген күдікпен  ұсталды. Тәртіп сақшылары  одан  жалпы салмағы 80 келіден астам марихуана есірткі затын тәркіледі. Жалпы жыл басынан өңірде 200 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Оның 112 грамы - героин .  Толығырақ тілшіміз тарқатады.

- Растительного происхождения, зеленого цвета. И в третьем мешке – аналогичное вещество.

Жедел уәкілдер азаматты Жезқазған-Петропавл автожолының бойында құрықтаған. 46 жастағы ер адамның көлігінен  өсімдік тектес зат пен 4 қап және одан басқа оралған зат табылды.

ЖАНАР БАЙҒАЗИНА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫМЕН КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Сот химиялық сараптамасы қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар, 80 келі 285 грамм «Марихуана» мен 88 грамм гашиш есірткі болып шықты.

Аталған факті ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық ,  және  сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тергеу жүргізілуде, ол он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Ұсталған адам Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің  тергеу изоляторына қамауға алынды. Ағымдағы жылдың басынан   облыста полиция қызметкерлерімен 200 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленіп алыңған. Оның 112 граммы героин есірткі заты.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
17:16, 10 шілде 2020
БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...