ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

АУДАНДЫҚ ГАЗЕТТІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

13:06, 19 ақпан 2020

Осыдан отыз жыл бұрын Жамбыл аудандық «Ауыл арайы» газетінің алғашқы саны өз оқырмандарына жол тартты. Тәуелсіз еліміздің мәртебесін арттырып, елді-мекендердегі жаңалықтар жаршысы болды. Алғашқы жылдары тілшілер қауымына жаңалық жинау, мақала жазу, одан қалды газетті облыс орталығына баспаға жеткізу қиын болғанымен, таралымы мыңға жақындапты. Биыл 30 жылдлық тарихы бар апталық газет жекенің қолына өтті. Дегенмен сапасы еш кеміген емес. Редакция ұжымы  басылымның мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.

Тұяқ Рақышев 1998-ші жылдан екі мыңыншы жылдардың басына дейін «Ауыл арайы» газетінде тілші болған. «Газеттің таралымын азайтып алмас үшін, күн-түн демей еңбек еттік. Ауыл-ауылды аралап оқырман жинадық, еңбек адамдары жайында жазып, Үкіметтің халық үшін қабылдап жатқан бағдарламарын жеткізуге тырыстық»,- дейді. Тұяқ Қойшыұлы қазір зейнет жасында. Мерейтойға арнайы облыс орталығынан келіп, өз әріптестерін көріп, мәре-сәре болды.

ТҰЯҚ РАҚЫШЕВ, «АУЫЛ АРАЙЫ» АУДАНДЫҚ АПТАЛЫҚ ГАЗЕТІНІҢ АРДАГЕРІ:

- Қаржының тапшылығына байланысты, оқырмандардың сол кезде сәл азайып кетуіне байланысты, екі газетті біріктіріп, бір газет қылып шығаратын болды. Ол кезде біз бәрін қолмен жазатынбыз, машинкамен теретінбіз. Оны еще сатпақтап жүріп, автостанцияға барып автобусқа беретінбіз. Конвертті, пакетті. Типография қала болғаннан кейін сонда басылып, Әсет Мәлікұлы, мен де телефонда отыратынбыз. Жетті ме, қабылдап алды ма, қашан шығады деген сияқты, келгенге дейін. Анау газетіміз келген кезде, поштаға барып, бөліп, қай округке қанша, оның жеткізілуіне дейін қадағаладық.

Қазір де редакция ұжымы үлкен емес. Бірақ, соған қарамастан тілшілер апта сайын  аудандағы жаңалықтарды, елдегі саяси маңызды өзгерістерді сапалы әрі ауқымды түрде жеткізуге тырысады. Тұрақты оқырмандары да баршылық. Олардың қатарында Благовещенка ОМ ұстаздары, зейнеткер ұстаз Гүлшат Рамазанова және атбегі Мәдениет Иманжанов бар. Олардың жазған әр материалы ұлттық құндылыққа, салт-дәстүрді жаңғыртуға, ұрпақ тәрбиесіне бағытталған дейді  «Ауыл арайы» газетінің қазіргі бас редакторы Иглікі Рахметов.

ИГІЛІК РАХМЕТОВ, «АУЫЛ АРАЙЫ» АУДАНДЫҚ АПТАЛЫҚ ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

- Қазіргі кезде Ауыл арайының жағдайы тұрақты деп айтуға болады. 2015 жылы көктемде мен штаттан тыс тілші болып істедім. 2015 жылы шілдеден бастап тұрақты тілшілікке қабылдандым. Менің ұстазым болған Әсет Мәлікұлы Мұстафинге алғысым шексіз. Маған мағлұмат жинауға үйретті. Қазіргі таңда Ауыл арайының таралымы 330 дананы құрайды. Біз көбінесе насихат жұмыстарын жүргіземіз. Газетке жазылыңыздар, мақалалар беріңіздер деп. Бірақ та мәжбүрлемейміз. Әр адам өз еркімен жазылу керек, ауданның тарихын жаңалығын білу керек.

Басылымның мерейтойы аудандық мәдениет үйінде өтті. Редакция ұжымын және сала ардагерлерін аудан әкімі құттықтап, бірқатарына алғыс хат табыстады.

МҰРАТБЕК ӘБІШЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ауыл арайы газеті бүгінгі егемен еліміздің саясатын қалың оқырман арасына байыпты насихаттап халықпен билік арасын байланыстыратын алтын көпірге айналды. Осы газет арқылы жұртшылық елімізде, обылста және ауданда жүзеге асырыылп жатқан бағдарламалар, қолға алған жұмыстар мен жобалар туралы дер кезінде хабардар болып отыр.

Бүгінгі таңда «Ауыл арайы» газетінің таралымы 330 дана. Бірақ, келер жылы бұл көрсеткіш өседі дейді газет құрылтайшысы Екпін Әбиев. Ол редакция үшін өз қарожысына жаңа ғимарат салуды, кейін баспахана ашуды жоспарлап отыр.

ЕКПІН ӘБИЕВ, «АУЫЛ АРАЙЫ - СЕЛЬСКАЯ НОВЬ» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- Өзім ойлаймын, «ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деген,  Сүгірбаев Таңат, Өсіп Шұғай, Тұяқ Рақышев солардан тәлім-тәрбие алдық, патриоттық  білім алдық. Сол себепті өзіміздің газетті  комерциялық жағынан алып қарсақ та пайдасы аз болғанымен дағы,  бірақ, патриоттық сезіммен өзім алдым. Басқа ұлттар алмақшы болды, басқа ауданнан алмақшы болды. Кезінде 12 жыл облыстық халық қалаулысы болып жүрген кезде істеген іс-шараларды сайлаушылырадың алдында, соны наисхат қылып, соны халыққа жеткізген Ауыл арайы газеті. Бүгінгі  күні оған рахмет айтарым көп. Кәсіпкер ретінде біздің істеп отырған шаралар халыққа газет арқылы танымал. Келешекте , жеке ғимарат салу, соған өз қалтамнан 15-20 млн қаржы бөлейін деп отырмын. Сосын азғантай типография ашатын боламын.

Халқтың көзі, құлағы, тілі болып отырған аудандық газеттің алғашқы саны 1990 жылы 1 қаңтарда жарық көрген. Ол кезде материалдар екі тілде бір газетте жарияланыпты. Ал қазір Ауыл арайы бөлек басылым болып отыр. 30 жылдың ішінде шарықтау мен құлдырауды бастан өткерген редакция, интернет заманында да газеттің өз оқырмандары арасынан қолдау табатынына сенімді.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...